«Көктерек орта мектеп –бақшасы» кмм педагогикалық кеңестің хаттамасы №1



бет5/8
Дата08.02.2022
өлшемі27,26 Kb.
#120925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пед кенес хаттама
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, 1523420792, Geografiya, Мақала
5-9-сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. 2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек: білім алушылардың білімін толықтыру; оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру; қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету; цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау. Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құр
2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. «Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына: - 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»; - 6-сыныпта «Экология»; - 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»; - 8-сыныпта «Медиасауаттылық»; - 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»; Білім беру ұйымдары оқу материалдары мен ресурстар дайын болған жағдайда «Экология», «Медиасауаттылық», «Парасаттылық және әдеп», «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курстарын 2021-2022 оқу жылында енгізуіне болады. «Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. «Экология» курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді. 11 «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. «Медиасауаттылық» курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйретеді. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи отырып, білім алушылар кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгереді. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын «Биология», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады. (ӘНХ-2021-2022ож) Биылғы оқу жылында мектебімізде 5-9 сынып оқушыларын оқытуда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет