Көліктегі статистика пәні, зерттеу объектісі, әдісі, алдына қойған міндеттері
Орындаған: Джуматаева А.
Топ: УА-18-1
Тексерген: Тулеева Ф.
М. Тынышбаев атындағы ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ
Көлік статистикасы
Көлік статистикасы – бұл әлеуметтік-экономикалық статистиканың бір бөлімі болып табылады. Бірақ, ол жеке экономикалық сала ретінде бөлек зерттеледі және онда оның өнімдері, материалдық-техникалық базасы, тасмалдау көліктерінің саны мен сапасы, еңбек және материалдық ресурстары, қаржы қорытындылары және тағы басқалай көрсеткіштерді қарастырылады.
Көлік статистикасының зерттеу объектісі - көлік, яғни өндіріс процесі тауарлары мен жолаушылардың қозғалысынан тұратын кез-келген меншік формасындағы кәсіпорындардың жиынтығы (шаруашылық жүргізуші субъектілер).
Әдістемелері
Көлік статистикасында қолданылатын әдістемелердің барлығы Ст жол теориясындағы бастысы болып саналады. Бірақ көліктердің түрлеріне қарай ол өзінің әдістемелерінде өзгереді, яғни тасымалданатын жүктерді белгілеген жеріне жеткізу арқылы. Әрине мұнда кеткен шығынға байланысты тасылған жүктің құны өседі. Сондықтан жүкті немесе жолаушыларды дер кезінде, яғни жылдам жеткізу, жүк және жолаушы айналымының айналымдылығын арттыру болып табылады.
Көлік статистикасы мына әдістерді пайдаланады:
Көлік жүйесінде есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу, яғни көрсеткіштер шындықты, дәлдікті көрсетуі керек;
Көрсеткіштердің қай жерде болғандығы және күні (күн,ай,жыл) болуы тиіс. Мұнда көрсеткіштерді көрсету қайталанбайтын тәсілге жатады және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады;
Уақыт көрсеткіштері календарлық уақытпен сәйкес келмейді, себебі әрбір пунктің есеп беру уақыттары әртүрлі болуына байланысты.
Көлік статистикасын оқу кезінде төмендегі әдістемелерді қолдану арқылы мына мәселелерді шешеді:
Көлік арқылы тасымалдау - ол өнім немесе адам ретінде көрсетеді, яғни оларды бір жерден екінші жерге жеткізу және сол туралы дәлдікті көрсететін есеп жұмыстарын жүргізу;
Көлік жүйесі арқылы тасымалдау - республиканың шетелдермен қарым-қатынасын көрсете отырып, жүктерді қабылдаужәне жіберу көрсеткіштері жеке көрсетіледі;
Көлік жүйесі әрқашанда қозғалыста болып отырады, сондықтан олар өздерінің тұрған жерлерін ауыстырады;
Көлік жүйесінің өнімге және жұмысына тасымалданған жүктер мен жолаушылар жатады.
нақты жасалынған, істелінген жұмыс көлемін сандық көрсеткіштермен сипаттау.
Қазақстан Республикасы бойынша көлік түрлері
Теміржол
Су жолы
Автомобиль жолы
Қалалық транспорттық құралдар (автобус, трамвай, тралейбус)
Егеменді ел болғаннан кейін республикамыздың көлік саласында үлкен өзгерістер болды, яғни құрылымдық жағынан және ондағы болған өзгерістер туралы. Осыған орай 2001 жылы 11 маусымда №801 үкіметтің қаулысы шығарылды және онда 2012 жылға дейінгі көлік жүйесінің төмендегдей концепциясы қабылданды:
Қазіргі заманға сәйкес ұлттық көліктің инфрақұрылымын құру және оны дамыту;
Республикамыздың батысында көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлу;
Республика бойынша көлік инфрақұрылымын халықаралық стандартқа сәйкестендіру және транзиттік потенциалды дамыту;
Республика бойынша көліктің түрлерін жаңарту, өзгерту, ретке келтіру және бәсекелестікті артыру.