Өтінішке қажетті құжаттар: 1) жеке куәлік көшірмесі;
2) техникалық және кәсіптік білімі туралы құжатының төлнұсқасы (колледж дипломы) қосымшасымен бірге;
3) 3х4 көлеміндегі 6 дана фотосурет;
4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
5) Мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар талапкерлер еңбек кітапшасын немесе жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қосымша ұсынады.
Тестілеу уақыты: қосымша хабарланады.
Тест тапсырылатын пәндер саны: 2 пән.
Барлық тест тапсырмаларының саны: 60.
Тестілеудің жалпы уақыты: 1 сағат 40 минут (100 минут).