Колледжге қабылдау



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі450,36 Kb.
#167774
  1   2
Байланысты:
буклет каз 2022


М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі - білім беру жүйесін білікті де бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ететін республикамыздағы көне оқу орындарының бірі. Мұғалім кадрларды 119 жылдан астам уақыт даярлап келе жатқан колледждің педагогикалық ұжымы білім берудің заманауи технологияларын оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыруда. Оқу орнында заманауи жабдықталған 4 оқу ғимараты, оқу-әдістемелік кешендермен жабдықталған оқу дәрісханалары, кітапхана, мұражай, М.О.Әуезов атындағы электронды ақпараттық залы, интернет зал, мәжіліс залы, оқу шеберханасы, студенттер жатақханасы, асхана, медициналық пункт, психологиялық қолдау көрсету орталығы, У-PEER ресурс орталығы жұмыс атқарады. Колледж білім алушылары 2 спорт залында, тренажер залында, гимнастика залында, «Спартак» стадионында, «Тисса» шаңғы базасында, «Дельфин» бассейнінде шынығады. Спорттық секциялар, қызығушылық үйірмелері, студенттер Альянсы, жастар қоғамдық бірлестігі, КВН құрамы жұмыс істейді.


Колледжге қабылдау:

  • Педагогикалық мамандықтар бойынша арнаулы емтихан (кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу) тапсыру қорытындысы бойынша;

  • 9-сынып негізінде қазақ (орыс) тілдерінен және бейіндік пәннен тестілеу қорытындысы бойынша;

  • 11-сынып негізінде ҰБТ қорытындысы немесе қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және бейіндік пәннен тестілеу қорытындысы бойынша өтеді.

Қабылдау комиссиясы 2023 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін жұмыс істейді.


Қажетті құжаттар тізбесі:
1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) Флюросуреті қоса берілген 075-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);
6) жеке басын куәландыратын құжат.

Оқу орны институционалдық және мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР). 13.12.2017 ж.).






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет