Коллоквиум №1


Ойлау үрдісіндегі талдау, жинақтау мен салыстыру



бет5/9
Дата25.02.2023
өлшемі113 Kb.
#170134
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі
Реферат , Реферат , 21.09.2022 ж. Философия, 19.10.2022 ж. Философия
6.Ойлау үрдісіндегі талдау, жинақтау мен салыстыру.
Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатындықтан, адамда ойлау әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.
Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, процесті, оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне, сипаттарына ажыратуды айтады.
Жинақтау – құбылыстың барлық элементтерін жинақтау.
Талдау мен жинақтау – ойлаудың аса маңызды әдістері. Талдау мен жинақтаудың негізінде салыстыру деп аталатын ой әдістері пайда болады. Салыстыруда ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Психологияны оқытуда да бір психикалық құбылыстарды басқаларымен салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты анықтауға болады. Жекелеген адамдарды салыстыра отырып, біз олардың қабілеттіліктермен мінезіндеіі айырмашылықтар немесе ұқсастықтарды табамыз. Шындықты терең және дәл тану үшін ойлау сапасының мәні зор.
Салыстыру — бұл қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ойша табу.
Талдау — бұл заттар мен құбылыстарды ойша оның бөліктеріне ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттерді бөліп көрсету.
Талдау — бұл затты құрамдас элементтерге, бөліктерге және құрамды белгілерге бөліп қарастыру. Талдау үрдісінде тұтас заттардың оның бөліктеріне, элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, химик суды сутегіне және оттегіне бөліп қарастырады. Сол сияқты жүргізуші машинаның моторындағы ақауды жою үшін оны алып, бөлшектеп, талдап қарайды, бұл жүргізушінің тарапынан орындалатын әрекет ойлау тәсілін пайдалана отырып іске асады, мотордың ақауын ондағаннан кейін оның қосалқы бөлшектерін орын орнына қойып, жинайды.
Мәселен, психологияны оқытуда әрбір психикалык құбылысты біз тек салыстырып қана қоймаймыз, сонымен қатар талдаймыз.
Оқу үрдісінде ойлаудың аналитикалық қызметі ерекше орын алады. Мысалы, оқытқанда, үйреткенде көп жағдайда сөйлеу талдаудан басталады: сөйлемді сөздерге ажыратып, оны буындарға, буындарды — дыбыстарға бөледі.
Математикалық есептерді шешу талдаудан басталады, алдымен белгілі қағидаларды анықтап, одан кейін белгісіз қағидаларға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет