Команың клиникалық көрінісі. Естің бұзылу дәрежесіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз: Есеңгіреу (беткей және терең) Сопор Комалар (I-III сатысы). Естің бұзылу дәрежесін Глазко шкаласы арқылы аны
Команың клиникалық көрінісі. Естің бұзылу дәрежесіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз: Есеңгіреу (беткей және терең) Сопор Комалар (I-III сатысы). Естің бұзылу дәрежесін Глазко шкаласы арқылы анықтаймыз.
Есеңгіреу – (Глазго шкаласы бойынша 13-14 балл) ес бұзылуының бастапқы фазасы, ми қыртысы қорғанысының тежелуіне байланысты. Немқұрайлық, ұйқышылдық психикалық және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сөйлеу қабілеті бұзылысының болуы мүмкін. айқын емес бір буынды жауап береді. Сопор (Глазго шкаласы бойынша 9—12 балл) — есі төмендеген, бірақ мимикалық реакция түрінде күшті дыбыстарға, жарық және аурулық тітіркендіргіштерге реакциясы сақталған, сұрақтарға айқын емес бір буынды жауап береді. Қарашық, түбірлік, жұтатын рефлекстер сақталған, сіңірлік рефлекстері жоғары, тері рефлекстері төмендеген, еріксіз зәр шығару.