Команда міндеті


Сагиева Римма Калымбековна



бет3/4
Дата08.09.2017
өлшемі341,23 Kb.
#31850
1   2   3   4

Сагиева Римма Калымбековна,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономикалық зерттеулер Орталығының директоры, э.ғ.д., профессор.

Мамандық – Адами ресурстардың дамуын басқару.

Святов Серик Аманжолович, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет ректоры, э.ғ.н., профессор.

Мамандық Институциналдық деңгейде ЖОО басқару. Академиялық бостандық. ЖОО дамыту стратегиясы.

Скиба Марина Александровна, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институті «Білім берудегі менеджмент» ғылыми-оқыту орталығының басшысы, п.ғ.к., доцент.

Мамандық Ұлттық деңгейдегі білім берудің сапасын арттыру. Стратегиялық жоспарлау. Оқытудың ғылым мен инновациялармен байланысы.

2013-014 жж. эксперттер сиуденттер мен оқытушыларды жоғары білімді реформалау бойынша ақпараттандыру мақсатында түрлі шаралар өткізді. Олардың арасында екі Жаздық (Алматы, Қарағанды қалаларында) және Қыстық мектептер (Семей қаласында) де бар. ЖОО басшылықтарының шақыртуымен 6 өңірде семинар-тренингтер сериясы өткізілді (Шымкент, Атырау, Ақтау, Орал, Петропавл, Ақтөбе қалалары). Семинар тақырыптары оқу орындарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне байланысты таңдалды: ЖОО-дағы стратегиялық жоспарлау, құзіреттілікке бағытталған білім беру бағдарламаларын құрастыру, академиялық ұтқырлық, ECTS, Біліктілік құрылымы, Диплом қосымшасы, т.б. Бұл шараға еліміздің 6 облысының 20 оқу орнынан 2000-нан астам оқытушылар мен административтік қызметкерлері қатысты.

Білім және ғылым министрлігінің қарауына Қазақстандық біліктілік шеңбері мен Еуропалық үлгідегі дипломға қазақстандық диплом қосымшасын қосып беруге байланысты құжаттар дайындалып, жіберілді.



Ақпарат жинақтау мен оны тұжырымдауға басты назар аударылады. Эксперттер «Қазақстандағы жоғары білім реформасы және Болон үдерісі: практикалық әрекеттерге арналған ақпараттық материалдар», «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің Халықаралық білім кеңістігіне енуі: жетістіктер, туындаған мәселелер, даму перспективалары», «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің Болон үдерісіне енуінің кейбір шарттары: құрылымы, мазмұны, ғылым, кадрлар», «Болон үдерісіндегі Қазақстандық білім беру жүйесі" тақырыптарындағы аналитикалық материалдар дайындалды. Бұл материалдар www.erasmusplus.kz сайтының «Басылымдар» бөлімінде көрсетілген.

Команда мүшелері жоғары білім реформасының өзекті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жиі сұхбаттар беріп тұрады.

Оқу орындарының сұранысымен эксперттер басқа университеттердегі әріптестеріне бетпе-бет және қашықтықтан консультациялар өткізеді. НЕО кеңсесінде ЖБРЭ ҰК жеке парақшасы бар, парқшада Команда жұмысы туралы ақпараттар көрсетілген. Ақпараттар мен консультация алуға тілек білдірушілер neo@erasmusplus.kz электронды мекен-жайына сұрақтарын жіберуге болады. Команда мүшелері халықаралық деңгейдегі түрлі шараларда сессия модераторлары немесе спикерлері ретінде белсенді қызмет атқарады.

ЕАСЕА Еуропада да, өз елімізде де эксперттерге арналған шараларды ұйымдастырып тұрады. Соңғы жылдарда Еуропада оннан астам семинарлар мен кездесулер өткізілді (Рим, Италия; Никосия, Кипр; Осло, Норвегия; Будапешт, Венгрия; Вильнюс, Литва; Бейрут, Ливан; Брюссель, Бельгия; Загреб, Хорватия; Берлин, Германия; Мадрид, Испания; Лондон, Ұлыкобритания). 2013-2014 жж. ЕАСЕА әдістемелік және қаржылық көмегімен Алматы қаласында «Университеттердің даму стратегиясын жоспарлау», «Жоғары білім берудегі стратегиялық жоспарлау» тақырыптарында халықаралық семинарлар өткізілді.



Білім және ғылым министрлігімен консультация жүргізу негізінде эксперттердің алдағы уақыттардағы жұмыс бағыты айқындалды. Команданың жұмыс нәтижесін Білім және ғылым министрлігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жоғары білімді модернизациялаудың өзекті мәселелері бойынша басталған жұмыстарының жалғасынан көреміз.
ЖБРЭ ҰК туралы ақпарат http://eacea.europa.eu/erasmusplus немесе www.erasmusplus.kz сайттарында көрсетілген.





Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет