Неміс шал.
Бұл бала Зуһра екеуі бірін-бірі сүйеді. Жасұлан,
сен совет
мектебінде оқыған, көзі ашық баласың. Осындай озбырлыққа барған
жараса ма? Аздан кейін бұл істеп жатқандарың барып тұрған қылмыс.
Тоқтатыңдар!
Жасұлан.
Аға, сіз араласпаңыз, өз мойныңызда
қыл арқан тұрғанын
сезбейді екенсіз. Сəл ғана қаттырақ тартса, не болатыныңызды білесіз
бе?
Неміс шал.
Менен соншама не кінə көріп тұрсың? Жазығым – мына
бейкүнə сəбиді, бала махаббатты қорғағаным ба?
Озбырлыққа қарсы
тұрғаным ба? Талай зобалаңды бастан кешкен жанмын. Енді ешкімді
жылатқызбаймын.
Түрік кемпір.
Əй, қызды байға бермегенде не істейміз? Не сандалып
тұрсың?
Неміс шал.
Оқысын. Əне, Ақеділ екеуі қалаға кетеміз деп отыр.
Барсын.
Түрік кемпір.
Мына шалдың есі дұрыс па?
Менің қызымда сенің не
шатағың бар деймін? Байға беремін бе, жайға беремін бе жоқ əлде
өлтіріп тастаймын ба өзім білемін!!!
Неміс шал.
Болды, сөз осымен тоқтасын,
салғыласып тұратын уақыт
жоқ. Жүр, Зуһра, кеттік. Бүгінше менің тамымда боласыңдар, ертең
таң ата қалаға өзім салып жіберемін, жүр.
Достарыңызбен бөлісу: