Көмбе нанның дәмі



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova





Ғалым, жазушы, аудармашы 
Герольд Бельгердің рухына арналады
Кітаптың санды нұсқасын дайындаған Бегманова Баян
Əбілқайырқызы
КӨМБЕ НАННЫҢ ДƏМІ
(Бір актілі драма)
ҚАТЫСУШЫЛАР:
1. Ауылбасы – 60 жас шамасында 
2. Ауылбасының əйелі – 50-60 шамасында 
3. Жасұлан – ауылбасының ұлы 15-16 жас шамасында 
4. Люба - украинка қыз, 15-16 жас шамасында 
5. Неміс шал – 55-60 шамасындағы кісі. 
6. Түрік кемпір – 70-75 шамасында. 
7. Зуһра – 15-16 жас 
8. Жəмила — 45-тегі əйел, Ақеділ мен Жайықтың анасы 
9. Ақеділ – 15-16 жас 
10. Жайық – Ақеділдің ағасы 
11. Диуана шал – иен далада аң аулайтын шал 
12. Сəлім – шалға ілесіп жүретін бала 
13. Айжамал 
14. Гүлжамал – апалы-сіңлілі келіншектер 30-35 шамасында 
15. Гүлжан – ауылдағы əйел 
16. Ағира – ауылдағы кемпір 
17. Кəріс шал 
18. Зейнап – шешен əйел
19. Бригадир – соғыстан контузия алып келген жергілікті тұрғын,
ақылы кеміс


20. Ауыл адамдары 
21. Əскерилер
Бірінші көрініс
Пойыз вагоны. Станция. Қазақ ауылы жер аударылып келген
адамдарды қабылдап жатыр. Олардың арасында украиндықтар,
кəрістер, шешендер бар. Олар түйіншек-түйіншек заттарын қорып,
үрпиіп тұр. Жүздерінде үрей, шарасыздық. Əскерилер жекіріп, ит
абалап үріп жатыр. Депортацияланғандар арасында ораулы
нəрестені көтеріп, ешкімге жуымай үрке қашып жүрген кішкентай
ғана бала ерекше бөлек көрінеді.
Ауылбасы.
Үсті-үстіне үйіп жатырсыңдар. Бұлардың саны ауылдағы
адам санынан асты. Қайда жатқызамын, немен тамақтандырамын,
қайдан жұмыс тауып беремін?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет