Көмбе нанның дәмі


Ауылбасы. Енді не сұрайсыз, айтсаңызшы.   Түрік кемпір



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Ауылбасы.
Енді не сұрайсыз, айтсаңызшы.
 
Түрік кемпір.
Екі сиырың бар екен, соның бірін берсең болады.
Сосын бір қой, ұзату тойына.
 
Ауылбасы.
Келістік. Ұлым Зуһраны əпермесең өлемін деп домалап
жатыр, иттің баласы. Əйтеуір қыз тіл алады ғой? Ертең тимеймін деп
шалқасынан түспесін.
 
Түрік кемпір.
Жоқ, айналайын, ондайымыз жоқ. Айтқанымды істейді
қызым.
Жетінші көрініс
Зуһра.
Апа, біреу біздің қораға сиыр əкеліп байлап жатыр. 
Кемпір.
Не дейді! 
Жүгіріп барып терезеге қарайды.
Кемпір.
Ойбай, жаным, бар екен ғой. 
Зуһра.
Ол не сиыр? Қайдан келді? 
Кемпір.
Саған біреу өз-өзінен сиыр əкеп байласа да жақпайды. Жай
сиыр да... Колхоздан көмек біздің отбасына.
Зуһра.
Керемет болды ғой, алақай! 


Кемпір.
Иə, енді аузымыз аққа тиетін болды, бұйыртса, өле қоймаспыз
енді. Бері келші, шошаңдамай бері кел деймін. Түрің не болып кеткен
өзі. Шашың қобырап, бетің кір ме немене. Албасты неме, бойжеткен
қызсың ғой, өзіңе өзің дұрыстап қарамайсың ба, айнаға бар! Саған
ғашық болып жүрген ана балада да ес жоқ! 
Зуһра.
Қай бала? Ақеділді айтасыз ба? Ой, оған бəрібір. Кітабын
құшақтап жүреді де қояды, менің бетіме қарайды дейсіз бе сол. 
Кемпір.
Ақеділі кім тағы? 
Зуһра.
Ақеділ, кəдімгі Ақеділ, Жəмила апайдың ұлы. Ағасы соғысқа
аттанбақ. 
(Күрсініп)
Енді бар ауыртпалық Ақеділге түсетін болды. 
Кемпір.
Оның саған қандай қатысы бар? 
Зуһра
(шошып).
Ешқандай! 
Кемпір.
Ойбай! 
Зуһра.
Апа, не болды, түсің бұзылып кетті ғой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет