Көмбе нанның дәмі


Зуһра. Апатай, мен оны сүймеймін ғой.  Түрік кемпір



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Зуһра.
Апатай, мен оны сүймеймін ғой. 
Түрік кемпір
(оны құшақтап, басын алдына салып отырып). 
Қызым,
кімді кім сүйіпті, кім кімге сүйіп қосылыпты. Сенің əкең де анаңды
осылай сыртынан атастырып, құда түсіп алды. Үйлену тойына дейін
бірін-бірі көрген жоқ. Екеуінің соңынан, міне, алтын асықтай екеуің
қалдыңдар. Жаман ба не? Сандалған мына тірлікте Алланың жалғыз
аманаты тіршілігімізді сақтап қалайық. Содан басқа не арман, не тілек
қалды қазір? Жеткіншек інің өсіп келеді. Ол деген – ұрпақ, ол деген –
біздің тұқымның жалғыз ұрығы. Сол сəулені сөндіріп алмайық. Сол
үшін бəріміз қызмет етейік. 
Зуһра
(басын көтеріп)
. Апатай, Маһмұдтың қол-аяғы балғадай, оған
не болушы еді, ертең-ақ ер жетіп, адам болып кетеді. 


Түрік кемпір. 
Тəйт! Тіл-көзім тасқа деп айт! Өз əулетінің ертеңін
ойламайтын қатын – шіріген жұмыртқа! Жыныма тиме! 
Зуһра.
Апатай! 
Түрік кемпір.
Тиесің деген соң тиесің! Жасұлан ба аты кім еді, соған
тиесің. Болды!
Сегізінші көрініс
Ауыл сырты. Жасұлан тұр. Түрік кемпір Зуһраны жетектеп,
Жасұланның жанына əкеледі. 
Түрік кемпір.
Ал, сөйлесіңдер. Мен ана жақта тұрамын.
 
Зуһра.
Неменеге тұрасыз? Мені үйді таба алмай қалады дейсіз бе?
 
Түрік кемпір.
Сөйлесіңдер, дұрыстап сөйлесіңдер. 
Аулаққа барып тұрады.
Зуһра.
Жасұлан, бұның не?
 
Жасұлан.
Сені аламын деп айттым ғой. 
Зуһра.
Сүймейтініме қарамайсың ба?
 
Жасұлан.
Қарамаймын. 
Зуһра.
Мен саған өлсем де тимеймін.
 
Жасұлан.
Олай айтпа. 
Зуһра.
Қазір мұнда Ақеділ келеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет