КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)



Дата11.11.2016
өлшемі93,2 Kb.
#1520
КӨГІЛДІР ЭКРАН – ТЕРЕҢ ТАМЫРЛЫ ӨНЕР

(Ж.ТӨЛЕНДИНОВ – 85 ЖЫЛ)


Жүргізуші:

Армысыздар қадірлі қонақтар, еліміздің ертеңін жалғастыратын жас достар! С.Сейфуллин атындағы қаламыздағы орталық кітапханаға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Әрбір ұрпақ өзінен соң тек туған қаласын ғана емес, өзінің жақсы қасиеттерін, ұлағатты сөздерін, игі істерін кейінгілерге қалдырып кетеді. Аға ұрпақ көптеген істер тыңдырды. Сондай қаланың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, еңбегі сіңген, абырой-атаққа ие болған жан – Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО радио-телевизия қызметінің үздігі Жазбек Сәтімбекұлы Төлендинов еді. Біз бүгін сіздерді қатыстыра отырып, осы бір ерекше азаматты еске аламыз.

Жүргізуші:

Келген қонақтарды таныстыра кетейін. Олар: Төлендиновтер отбасының сыйлас достары, оқу ісінің үздігі Бадиша Махатова Махатовна, ұзақ жылдар Балқаш құрылыс тресінің бастығы, бүгінде зейнеткер Аралбаев Төленді Сейнетович, алғашқы диктор Қызылбаева Гүлмара Қызылбаевна және мемлекеттік қалалық мұрағаттан Медеубаева Шара.

Балқаш телефизиясында қызмет атқарған бір топ қызметкерлер бұл күндері "Балқаш өңірі" газетінің редакторы Жанболат Башар. «Северное Прибалхашье» газетінің редакторы Береке Шалова.

Балқаш телевизиясының еңбек ардагерлері: Бэлла Ивановна Павловская, Алтынкүл Төлеубаева. Режиссерлар: Қазтай Ахметов, Элеонора Лебедева. «Пульс» газетінің редакторы Тамара Тимофеевна Григорьева. Журналист Наталья Владимировна Павловская


Жүргізуші:

Қадірлі қонақтар! «Адам – өмірге қонақ» дейді ғой халық. Әр өткен жыл сайын көп аяулы адамдардан, қымбатты жандардан көз жазып қалып жатамыз. Сондай аяулы азаматтардың бірі – Жазбек Сәтімбекұлы Төлендинов. Ол өмірдің өршілдігінен қуат алып, шыңдалып өскен, өзіндік қасиетке ие тұлғалы азамат. Жастық шағының жалындап өткендігін өмірбаяны, жолдарынан-ақ айқын аңғаруға болады.

Жазбек Сәтімбекұлы 1928 жылы 15 мамырда Балқаш қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын небәрі 14 жасында зұлмат соғыстың ауыр жылдарында Балқаш мыс зауытының темір жол цехында нормалаушы болып бастайды. Үлкен өмірге 40-шы жылдардыңң басынан қанағаттанған Жазбек Сатымбекұлының жаңашырлық көмегін көріп, ақылын тыңдап, мейірім шапағатын көрмеген жан жоқ десе де болады. Сол жылдардың өзінде-ақ қоғамдық жауапты істерге бел шеше араласып, көпшілікке танылып үлгерді. Осы бір сымбатты да сабырлы, әрі қарапайым жігіт өндірісте жұмыс істей жүріп, қалалық «Балқаш жұмысшысы» газетімен тығыз байланыста қызмет етті. Ол өзінің іскерлігімен, тыңдырымдылығымен көзге түсті.



Жүргізуші:

Сірә, онысы бойына біткен қасиеті, әрі еңбек адамдарының мұқтажы мен мақсатын, мүддесі мен ой-тілегін жете танып өскендігінен болар. Бойына біткен дарыны мен біліктілігінің арқасында қалалық партия комитетінің қолдауымен қалалық газеттің бөлім меңгерушісі етіп тағайындалды. Қазақ халқының «талпынған жетер мұратқа», «талапты ерге нұр жауар» деген қанатты сөздері бар. Жазкең де алдына үлкен мақсаттар қойып, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, өндірістен қол үзбей білімін көтерді. Жазбек Сәтімбекұлы өндірісте ысылып, едәуір тәжірибе жинақтап, кез келген салада қалам тербеуге әзір журналист ретінде қалыптасты.

Жазкеңнің бүкіл өмірі өзі туған қаласымен тікелей байланыста болды десек артық айтқандық емес. Өйткені, сол бір жылдар Балқаш қаласының құрылысының қарыштап алға басқан кезі еді. Осының бәрі жас азаматтың көз алдында өтіп жатты. Талантты журналист Алматы, Қарағанды, Атырау, Маңғышлақ, Жезқазған қалаларына қызметке шақырғанмен, өзі туып-өскен жерін, туған қаласын тастап кетпеді. «Өзім туған қалам Балқашта азамат болып өсіп-жетілдім, қалыптастым, оған әлі де болса қарыздармын» деп жиі айтып отыратын. Өзін туған қаласына қарыздардай сезініп, бойындағы бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін өз қаласына арнап еңбек етті.



Жүргізуші:

1964 жылы сәуірдің 29 күні Балқаш телевизиясы алғашқы хабарларымен эфирге шықты. Көрермендер көзайымына айналды. Қала халқы үшін бұл үлкен жаңалық болды. Қалалық партия комитеті телестудия ашылған кезде 1964 жылы оны бас редактор етіп тағайындады. Ал 1966 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадиокомитетінің ұйғарымымен Ж.С.Төлендинов Балқаш телевизиясының директоры болып тағайындалды. Мұнда да ол өмірдің қайнаған ортасында жүрді. Өзіне жүктелген жұмыстарды аса бір жауапкершілікпен орындайтын. Әсіресе сол бір тұста жоғарғы қызметтегі қазақ кадрлары ілуде бір кездесетін.

Балқаш секілді өнеркәсіптік қалада тұрып, идеологиялық жұмыстарды телевизия хабарлары арқылы жүргізіп отыру Жазкең үшін оңай болған жоқ. Ол өзін үнемі бабында тұратын қайраулы қылыштай сезініп, сақадай сай әзірлік пен өткірлікке, батылдыққа дағдыланды. Кеудені тік, намысты биік ұстады. Осындай жігерімен, жан-жақты біліктілігімен елдің көзіне түсіп, құрметке бөленді.



Жүргізуші:

Жазбек Сәтімбекұлының тілі өткір, әділдігі мол жанн екендігін аңғарған қала басшылары өз қатарларына қызметке шақырады. Бұл дегеніңіз Жазбек ағаның тамаша қабілетімен білімін мойындағандары еді. Кеңестер Одағының коммунистік партиясы Орталық комитетінің ескерткіш медалімен марапатталды. Ол көптеген жылдар бойы қалалық партия комитетінің мүшесі, 20 жылдан астам уақыт бойы қалалық кеңестің халық депутаты болып сайланды. Қала патриоты ретінде келелі істерге араласып, үлкен мәселелерді көтеретін.

Балқаштың өркендеуіне қатысты мәселелерді алға қоятын. Балқаштың әуежайы ғимаратын салу, Балқаш-Тоқырауын су құбырын тарту, жаңа мектептер мен балабақшаларды (қазақ балалары үшін) салу, тіл мәселесі секілді күрделі мәселелерді шешуге атсалысты. Осы істерде Жазкеңнің үлесі зор еді. Сондықтан оған 2000 жылы «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.



Жүргізуші:

Жазыбек Сәтімбекұлы өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін. Балқаш телевизиясы облыс, республика көлемінде танылған беделді студия болды. Шығармашылық ізденіспен еңбек еткен телестудия ұжымы көрермендерден лайықты бағасын алды. Жазыбек аға әрбір хабардың сапалы, мазмұнды шығуын бақылап отыратын. Теледидардан басқа өнер түрінен, ақпарат құралдарынан көп артықшылығы бар ғой. Көгілдір экран адамның назарын өзіне аудара білетін ақпарат арнасының кез-келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан, теледидарды ана тілінде сауатты түрде игеру ең маңызды мәселе еді. Бұл кез қазақ теледидарының үні жаңа шыға бастаған кезі еді. Тәжірибелі режиссерлер, телеоператорлар, дыбыс режиссерлері Қарағанды қаласынан келіп, студияға қызметке келген бір топ жастарға тәлім-тәрбие көрсетті.




Көңілге тоқып үйрене келе жастардың әрқайсысы өз ісінің майталманы атанды. Телестудияда Жазыбек Сәтімбекұлының басшылығымен еңбек ету үлкен мәртебе еді. Шауршау-шалдығу дегенді білмейтін, шын мәнінде телестудияға басшылық еткен жылдары талай жастарға мол шапағаты тиді.

25 жылдан астам Балқаш телевизиясының директоры болған Ж.Төлендиновті телевизия қызметкерлерінің үлкен-кішісі бүгінде шын ризашылықпен еске алып отырады. Қаламызда телевизия хабарларын тарату ісін дамытуға, қаланың көркеюіне қосқан үлесінің арқасында көп жылғы жемісті еңбектері бағаланып, үкімет тарапынан әрдайым марапат-мақтауларға ие болды. Өзінің саналы ғұмырын еліне, туған қаласына күш-қуатымен, іс-қабілетімен өмірге деген сүйіспеншілігімен, қажырлылықпен еңбек еткен зиялы азаматтардың бірі еді.

Ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін 1984 жылы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды. 1978 жылы КСРО радиотелевизия қызметінің үздігі белгісімен марапатталды.


Жүргізуші:

2000 жылы «Балқаш қаласының құрметті азаматы» деген атақ берілді. Ал, 2010 жылдың 24 желтоқсан күні қала әкімдігінің және қалалық мәслихаттың бірлескен шешімімен Парковый тұйық көшесіне Жазбек Сәтімбекұлы Төлендиновтің есімі берілді.

Мұның бәрі Жазбек Сәтімбекұлының халық алдындағы парызын абыроймен атқарғандығының белігісі еді. Азаматтың шың бағасы оның атқарған қызметіне емес, халқына сіңірген еңбегіне қарай бағаланады емес пе? Ер-азаматтың шың қадірін, бағасын арамыздан о дүниеге кеткенде ғана біліп жататымызда сондықтан болса керек. Уақыт - қатал сыншы. Уақыт сынынан ұлтының адал ұлдары ғана сүрінбей өте алады. Міне, осы тұрғыдан келгенде, еліне адал қызмет етіп, бүкіл ғұмырын сол туған халқының тағдырымен ұштастыра білгені, елінің жоғын жоқтап, барын базарлай білген қаламыздың құрметті азаматы



Жүргізуші:

Жазбек Төлендиновті еске алуға келген қонақтарға сөз кезегін берейін.

«Ерең еңбегі» үшін медалінің иегері, қаламызда ең үздік мұғалім атанған Бадиша Махатовна Махатова арамызда отыр. Сіз көп жылдар отбасымен сыйлас дос болдыңыздар, Жазбек Сәтімбекұлының қандай қасиетін үлгі тұттыңыз. Есте қалған сәттер көп болар?



Б.Махатованың сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Аралбаев Төленді Сейтенұлы, Сіз ұзақ жылдар Балқаш құрылыс тресінде беделді басшы болдыңыз. Теледидардың тұрақты қонағы болдыңыз. Жазбек Сәтімбекұлының айрықша қабілетін көрген боларсыз. Әңгіме арқауын Сіз өрбітсеңіз.

А.Төлендінің сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Ол кісімен партия комитетінде депутаттар корпусында жиі кездестіңіздер, Гүлмара Қызылбаевна Қызылбаева.

Гүлмара тәтей, Сіз 1964 жылы сәуірдің 29 күні көгілдір экран арқылы алғаш рет эфирге шықтыңыз. Сол бір сәтте қандай күйде болдыңыз. Алдыңызда тек қана үлкен телекамера, сондағы кішкентай ғана қызыл нүкте жанған сәт. Көрермен халық Сізді күткен кез. Алғашқы директор ретінде Сізді таниды. Жазбек ағаның сол бір сәттегі көңіл-күйі есіңізде ме?

Алғашқы айлары, жылдары телевизия аяғынан тік тұра алды ма? Жазбек Сәтімбекұлын Сіз де қызмет барысында көрдіңіз. Қандай ой түйдіңіз?


Г.Қызылбаеваның сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Қаламыздың тарихы, әрбір адамның құжаттары сақталатын қала мұрағатынан Шара Медеубаева қатысып отыр. Төлендинов туралы документтері қалай жиналғаны туралы не айтасыз.

Ш.Медеубеваның сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Қалалық мәдениет қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Тимофеевнаға сөз кезегін берейік.

Лидия Тимофеевнаның сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Телевизиямен тағдырын байланыстырған адамға жәй талантты болу аздық етеді. Ол да осы өнердің өзі сияқты жан-жақты: білімділік, іскерлік, алғырлық, тапқырлық, еңбекшілдік, көпшілікпен жұмыс істей алатын, тіпті керек жерінде билік таныта алатын қасиеттері болса ғана мақсатына жетеді.

Жүргізуші:

Телевизияның ел алдындағы беделі биік. Жазбек Сәтімбекұлы тәлімді тәлімгер, қаламы жүйрік қаламгер болды. Журналистерге қатаң талап қоятын, қамқор ұстаз еді. Кейде бас мақалаға дейін өзі жазып тастайтын. Ол кісінің бір ерекшелігі ағып тұрған шешен, ел мен жер тарихын жетік білетін зерделі шежіреші. Ол осы өңірдегі айтулы азаматтардың өмірбаяның, ата-баба тарихын терең білетін. Ол кешегі тарих пен бүгінгі өңір тарихын жақсы білді. Біз көп нәрсе үйрендік. Өмірінің жалғасы Ілиястан немере, шөбере өсіп келеді.

60 жыл бойы бірге жұптасып, өмірдің ащы-тұщысын бірге бөліскен Кәмпит Әбдірбайқызы екеуі бала-шаға қуанышын, немерелерінің есейген шағын көз алдарынан өткерді.

Енді, Кәмпит тәте, бүгін көптеген естеліктерді тыңдап отырсыз. Өзіңіз Жазкең туралы не айтар едіңіз.


Кәмпит Әбдірбайқызының сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Асыл азамат, іскер басшы, журналист Жазбек Сәтімбекұлының есімі еш уақытта ұмытылмақ емес. Оның қажырлы еңбегі, есімі қала тарихында қалары ақиқат. Оның адамдық қасиеттерін ұрпақтары жалғастырары сөзсіз. Бүгінгі күні Жазбек Сәтімбекұлының ұрпақтарына зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз!

Ұрпақтар жалғастығы үзілмеген өмірдің мәнділігі де осында болса керек. Жазбек ағаның азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпақтарға мәңгі өнеге. Қоғамдық өмірде белсенді, айналасына беделді, қаламызға белгілі де өнегелі ағаның жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады.

Осыдан 85 жыл бұрын Балқаштың қасиетті жерінде өмірге келген Жазбек Сәтімбекұлы бұл күндері өзі туған топырағында мәңгілікке тыныстап жатыр. Жақсының артынан өшпес із қалады. Арамыздан бақиға аттанған ұстазымыздың жатқан жері жәйлі, топырағы торқа болсын.

Қадірлі қонақтар! Жас достар! Сырласуымызды Жазбек Сәтімбекұлыныңмына сөздерімен аяқтасам деймін: «Көненің көзін қастерлейік. Туған жеріміздің сарқылмайтын потенциалдық мүмкіндіктерін ел игілігіне толық жұмсап, әлеуметтік-экономикалық бай қазынамызды молықтыра беру бәрімізге ортақ парыз. Ұрпақтарды, өткенімізді, бүгінімізбен байланыстыратын арқау ешқашан да үзілмесін! Өйткені ұрпақтар сабақтастығы өмір арқауы»




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет