келісімімді бердім.
Зуһра.
Жасұлан ба?
Түрік кемпір.
Жоқ, аты Амангелді ғой деймін.
Зуһра.
Жоқ, ұлы, Жасұланға ма? Кімге айттырды деймін!
Түрік кемпір
. Шəңкілдеме. Дұрыстап, жай сөйле.
Зуһра.
Кешіріңіз.
Түрік кемпір.
Иə, Жасұланға болар. Ұлының атын сұрамадым. Бірақ
əкесі ауылды басқарып отырса, текті жердің баласы ғой. Мен келістім.
Жақсы жердің баласы, сен де жаман болмайсың. Осы, балам.
Зуһра.
Апа, кешіріңіз, бірақ Жасұланға тие алмайды екенмін. Қазір
орта ғасыр емес, совет заманы. Адамды сиырға сатты деген не сұмдық,
мен КГБ-ға жазамын.
Түрік кемпір.
Жаз! Жаз да Сібірге айдатып жібер мені! Кешегі күніңді
ұмытқан екенсің. Барлығы жадыңнан шығып қалатын кішкентай бала
емессің ғой. Жарымағыр отарбаны, отарба ішінде отынша қатталған
адамдарды, жан-жақтан арпылдаған иттер мен иттен жаман азғын
жендеттерді ұмыттың ба?! Сені еркек балаша киіндіріп, ішерге су
болмағанда өзімнің зəрімді аузыңа тамызып, жаныңды əрең алып
қалып едім ғой. Енді мында келіп есіргенің қай сасқаның?
Ауылбасына келін болсаң, жаман боласың ба? Өзіңді ойламасаң, кəрі
шешең мені ойласаңшы. Жат жерде, жат жұртта осындай тірегіміз
болса, осындай құда-жекжатымыз болса, қалай? Мұртымызды балта
шаппайды ғой онда. Қызым, қызым, ақымақ болма. Тыңда шешеңді.
Айтқанын істе.
Достарыңызбен бөлісу: