Көмбе нанның дәмі


Əскери. Бұйрық солай, ата. Қабылдайсыз, енді қайтесіз. Бұлардың сұрауы жоқ. Онша басыңыз қатпасын. Ауылбасы



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Əскери.
Бұйрық солай, ата. Қабылдайсыз, енді қайтесіз. Бұлардың
сұрауы жоқ. Онша басыңыз қатпасын.
Ауылбасы.
Сұрауы жоғы несі? 
Əскери.
Сұрауы жоқ деген – өлсе, жауап бермейсіз. Саспаңыз.
Ауылбасының əйелі.
Ең болмаса не қылған адамдар соны айтсаңшы.
Бұл тағы не нəубет, елім-ау, халқым-ау! Тағы не бəлеге тап болдық?
 
Əскери.
Айқайламаңыз. Сөз тыңдаңыз. Білуімше, бұлардың барлығы
жау жақтың жансызы. Əйтпесе тек жатқан елді айдап айдалаға апара
ма? Соғыс жағдайында елдің ішіне іріткі салып, етектен тартып
болмаған соң өкімет осылай шешті.
Ауылбасының əйелі
. Ойбай, жау болса, біздің ауылға неге
əкелесіңдер?
Əскери.
Бұйрық солай. Сөйлесіп тұруға уақыт аз. Есіңізде болсын,
араласпаңдар, жақындатпаңдар, басқаларға осыны жеткізіңіз. Бұлар
адам етін жейді.
Ауылбасының əйелі
(шыңғырып жібереді)
. Ойбай, не дейді?!!
Ауыл адамдары дүрлігіп, тұра қашуға əзірленеді.
Бригадир.
Оқ жаудыруға бұйрық бересіз бе, командир? 
Əскери
(ауылбасына)
. Мынау кім? 


Ауылбасы.
Бұл контужный. 
Əскери.
Давай, ие бол адамдарыңа! 
Жүріп кетеді.
Бригадир.
Совет өкіметінің жаулары, өңшең сұм залымдар!
Капиталистік империализмнің жансыздары! Оқ жаудырыңдар,
батальон!
Ауылбасының əйелі.
Ойбай! Енді қайттік?
Ауылбасы.
Қайдағы жансыз, өңшең бала-шаға, шал-шауқан. Ең
болмаса қара жұмыс істеп, қиыншылықты көтерісетін еркек
жібермеген екен.
Ауылбасының əйелі
. Өкіметті ақымақ көресің ба? Сенің осы
мінезіңді-ай. Елдің бəрі ақымақ та, ақылды жалғыз сен. Ананың
айтқанын естідің бе, өлсе өле берсін деді. Əй! 
(Ауыл адамдарына
айқайлайды)
. Ана нашалнiк бала жоламаңдар, аулақ жүріңдер деді,
бұлар кісі етін жейді дейді. Жоламаңдар! Кетіңдер! Балаларды
тығыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет