Көмбе нанның дәмі


Ауылбасы. Білемін, кеше туған жоқпын. Командир



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Ауылбасы.
Білемін, кеше туған жоқпын.
Командир.
Білсең – сол. Ақсақал, онда тізіммен өткіземін, тізіммен
қабылдап ал жұртыңды.
Түрлі ұлттардың фамилиясы оқылады.
Зайнап Юнусова 
(шешен əйел шығады)
Куйра Джамалдинов 
Ахмат Якубов 
Ребиат Юсапов 
Усман Ибрагимов 
Вальтер Лехнер 
Астрид Ципсер 
Ида Юнгханс 
Герольд Краузе (
неміс шал шығады)
Марта Краузе 
Неміс шал
 (жылап жібереді).
Жолда өлді-і-і-і-і.... 
Зельда Шефер 
Эльма Шефер 
Отто Шефер 
Анна Югай 
Августин Хван 


Людмила Тен 
Кан Гамчхан 
(корей шал шығады)
Ли Гюбо 
Ли Сын Ман 
Ким Дэ Чжун
 
Олар мен деп алдыға өтеді. Кейбірін «жолда өлді» деп жатыр.
Ондайда кей əйелдер талықсып құлап, дауыс салып жылайды. Анда-
санда əскерилер қамшымен дүрелеп, тыныштық орнатады. Ауыл
адамдары үрпиісіп қалған. Оларды түгендеп болған соң əскерилер
кетеді. Екі жақ бір-біріне үрпие қарап əлі тұр.
Бригадир.
Жоқ, кіргізбеймін, кіргізбеймін советтік Жаңатұрмыс
ауылына!
Оған келгендер ерекше үркіп қарайды.
Диуана шал.
Ал енді қарап тұрмайық. Кəне, бөпеңді бере ғой,
құлыным.
Кішкентай баланың қолындағы орауды алмақ болады. Бала ышқынып
бермейді. 
Ауыл əйелі.
Ойбай, қолындағысы рас бала ма? 
2-əйел.
Дымы шықпайтын бұл не қылған бала?
1-əйел.
Құдай-ай, өліп қалған ғой. Шақалақ сəби ғой. Балам, жібере
ғой.
Бала шырылдап бермейді. Жабысып алған. Диуана шал барып əлгі
баланы қолындағы орауымен қосып құшағына қысып тербетіп, «Бесік
жырын» (соғыс жылдарындағы) əндетеді. Біреу шапан əкеліп,
үстеріне жабады. Бала жылап жатып, ұйықтап кетеді. Шал
шақалақты алып əйелдерге береді. Екі жақ та жылап жатыр.
Біртіндеп, халық тарай бастайды. Келгендерді қазақтар үйді-үйге
бөліп əкетеді. Сахнада диуана шал ғана баланы тербетіп қалады.
Бір үй тұр. Ағира кемпір терезенің арғы жағында жылтыңдап
сығалайды. Қолында майшам, үрейлі картина. Қолын сермеп сөйлеп
жатыр. Тарай бастаған ел кідіріп қарап қалады.
Ағира.
Тағы соғыс басталды ма? Солдаттар жүр ғой. Əбенім,
Жармұхамедiм бар ма екен арасында? Жұртым-ау, менің
құлыншақтарымды көргенің бар ма? Ауылға соғыс келді! Соғыс келді!
Жоқ! Жоқ! Жолатпаңдар, кетіңдер! Кетіңдер!
Неміс шал көптен бөлініп, осы үйге барып кіреді.


Екінші көрініс
Көне құдықтың басы. Сахнада Диуана шал ау құрып, қақпанын сайлап
отыр. Алыста состиып бірінші көріністегі бала тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет