Көмбе нанның дәмі


Жасұлан. Маған тиемін деп келіп тұрсың ба?  Зуһра



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Жасұлан.
Маған тиемін деп келіп тұрсың ба? 
Зуһра.
Иə... 
Жасұлан.
Ммм... Қызық екен. 
Зуһра.
Жасұлан, бұл шешім маған оңай түскен жоқ. Сен қан
майданнан келіп отырсың, батыр болып оралдың. Бірақ, бірақ... 
Жасұлан.
Аяқтарың жоқ дейсің ғой. 
Зуһра.
Жоқ, олай демеймін. Шыбын жаныңның үзілмегеніне, аман
қайтқаныңа тəуба деймін. Сен мені кешір. Бəріміз бала болдық, ненің
мəнісін білдік ол кезде? 
Жасұлан.
Қазір не өзгерді? 
Зуһра.
Апам... апам ұрсып жатыр... 
Жасұлан
(аң-таң болып)
. Апам ұрсып жатыр? Ақеділ ше? 
Зуһра.
Ақеділ... Ол... Ол түсініп отыр. Бірақ майданға сұранып кеткелі
жатыр.... 
Жасұлан.
Құдайым-ай... не деген баласыңдар... Сұранбасын майданға,


менен сендерге рұқсат. Қосылыңдар, үй болыңдар, бақытты болыңдар. 
Зуһра.
Қалайша? Бұл қалай болғаны? 
Зуһра._Шын_ба_Жасұлан.'>Жасұлан.
Не керек саған? Сені қалағанымда, сүйгенімде, іздегенімде
қайда едің? Мені жау көрдің емес пе? Мені жек көріп, жиіркендiң емес
пе? Енді неменеге келдің? 
Зуһра
(кібіртіктеп)
. Апам ұрысқасын... Сендердің сиырларың қазір
көбейіп, екі сиыр үш бұзауға айналды ғой. Қалыңмалды қайтармаймын
деп, басының сақинасы ұстап тұрмай қалды. Содан соң келдім... 
Жасұлан.
Сиырларды сендерге сыйладым. Оны қалыңмал емес,
сыйлық деп қабылдасын апаң. Тойларыңа сыйлық. Сөйтіп сəлем айт! 
Зуһра.
Шын ба? 
Жасұлан.
Шын. 
Зуһра.
Ой, Жасұлан, рақмет саған! Рақмет!
Үйге Люба келіп кіреді.
Зуһра.
Сен мұнда неғып жүрсің.? Неге орамал тағып алғансың. Кешір, 
неге деппін ғой...
Люба Жасұланның көрпесін түзейді.
Люба.
Иə, солай. 
Зуһра
. Керемет қой бұл деген. Керемет! Алақай!
Музыка ойнайды. Сахнаға актерлар шығады.
Соңы

Document Outline

  • Start


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет