Көмбе нанның дәмі


Жайық. Кішкене ақырын-ақырын сөйлеңізші. Онсыз да үстіңізден домалақ арыз бар.  Неміс



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Жайық.
Кішкене ақырын-ақырын сөйлеңізші. Онсыз да үстіңізден
домалақ арыз бар. 
Неміс.
Ол қандай арыз тағы? 
Жайық.
Өзім көрген жоқпын, бірақ сізді жіті бақылауға алу туралы
жарлық бар. 
Неміс.
Міне, қызық! Мен не бүлдіріппін? 
Жайық.
Ел арасында соғысқа бармаңдар деп үгіт жүргізіп жүр, шпион
дейді. 
Неміс.
Мені өле алмай жүр деп ойлай ма? Кімді үгіттеппін? Кім
жазыпты? 
Жайық.
Аты-жөні белгісіз.
Неміс.
Осы халық қарап жүрмейді. Менде несі бар, кімді үгіттеппін?
Менің де өзіңдей ұлым бар, ол да соғысқа өз еркімен сұранған, неміс
деп сенбеді, алмай қойды, үйге келіп, жер тепкілеп жылады.
Барлығымыз қатты
 
қорланып едік, тағы қандай заман күтіп тұр екен
алда. 


Жайық._Хатты_өзім_көрген_жоқпын,_бірақ_орысша_өте_сауатты_жазылған_деседі._Бұл_төңіректе_орысшаны_жақсы_білетін_адам_некен-_саяқ._Неміс.'>Жайық.
Хатты өзім көрген жоқпын, бірақ орысша өте сауатты
жазылған деседі. Бұл төңіректе орысшаны жақсы білетін адам некен-
саяқ. 
Неміс.
Құртам десе, қытайша жазатын адамды да табады ғой олар.
Жарайды, Жайық, аман бол, бар бол. 
Жайық.
Рахмет сізге. Зуһраны Жасұланнан арашалап қалыпсыз. Естіп
жатырмын. 
Неміс шал.
Қайдағы арашалаған! Ана жынды кемпір уақытша
тоқтады. Ауылбасы ақылды адам ғой, сөз түсінді. Қайдам бірақ...
Жасұлан шақар екен. Күтпеп едім.
Жайық қолын шекесіне апарып, əскери құрмет лебізін жасайды. Неміс
шығып кетеді.
Оныншы көрініс
Ауылбасының үйі 
Жасұланның анасы.
Амангелді, баладан бір қателік кетті. Өзі де
түсініп жылап жатыр. Жар дегенде жалғыз ұл. Қайт райыңнан.
 
Ауылбасы.
Қайта алмаспын.
 
Жасұланның анасы. 
Қабырғасы қатқан жоқ, бұғанасы бекіген жоқ.
Ол кетсе, мен де кетемін. Тұрмаймын сенімен, қалмаймын қасыңда.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет