Көмбе нанның дәмі


Ауылбасы. Кетсең бар.   Жасұланның анасы



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Ауылбасы.
Кетсең бар.
 
Жасұланның анасы.
Жалғыз қаласың.
 
Ауылбасы.
Бұйыртқаны болар. Бірақ мына ұлды... мына ұлды... Иттік
жасаған екен, майданға барып, есін жинасын.
 
Жасұланның анасы.
Ол есін жинамайды. Ол... ол... 
(айта алмай
кібіртіктеп, ақыры аңырап жылап жібереді)
өліп қалады ғой! Ол
оққа ұшып өліп қалады ғой...
 
Ауылбасы.
Ауылыма пана іздеп келген бейшара жетім шалдың
үстінен арыз жазған адам – маған ұл емес. Ондай ұрпақтың барынан
жоғы. Қазақ біткеннің атына кір келтірді.
 
Ауылбасы қиналып, аяғын сипайды. Протез бен аяқ тірескен жерден
шып-шып қан шығып тұр. Ол оны байқап отырған жоқ. 


Жасұланның анасы.
Қай қазақтың жоғын түгендейсің, қай тесікке
барып жамау боласың... Ана бала... обал-ай, құдай-ай, қайтейін енді...
Он бірінші көрініс
Жəмиланың шаңырағы. Дастархан басында Жайықты майданға
шығарып салуға жиналған бүкіл ауыл адамдары отыр. Домбыра
күмбірі. 
Диуана шал.
Əй, Сəлім, орныңнан тұршы, балам. Міне, қараңдар!
Бүгіннен бастап мына батыр Елубаев болды. Кеше райкомға барып, өз
атыма аударып алдым. Енді бұл қырандарыңды Сейітқожаның ұлы деп
қабылдаңдар. Аты – Сəлім. Айдауда өлген құлыным Сəлiмнiң аруағы
риза болсын.
 
Неміс шал.
Аумин, аумин! 
Айжамал.
Ой, ата, құтты болсын!
Гүлжамал.
Бауы берік болсын! 
Жəмила.
Мынау бір керемет қуаныш болды ғой. Ата, құтты болсын.
Əй, Айжамал, Гүлжамал, əн шырқаңдар ендеше. 
Олар əн салады. Бəлкім «Елім-айды»... Əрі қарайғы əңгімеге арқау
болатын тақырыпта болса жақсы болар еді..
Неміс.
Бізді мəжбүрлеп көшірді ғой. Туған жеріміз Еділ бойы. Ата-
бабам сол жерді екі ғасыр мекендеді. Өзіміздің Автономия, кəдімгідей
еліміз, отанымыз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет