Көмбе нанның дәмі



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Ауылбасының əйелі
. Ойбай-ай! Жасұланым-ай! Құлыным-ай! 
Ауылбасы
(дауыс көтеріп)
. Ей, болды! Болды деймін! 
Бригадир қорқып, бетін басып жылап қалады. Ауылбасының əйелі
үнсіз егіледі. Кенет шешен əйел орнынан тұрады.
Шешен əйел.
Ауылдағы он шақты əйел таудағы фермада жұмыс
істедік. Таудың қойнауында ферма болды. Ешкі сауатынбыз. Сонда
істедім. Үйде кішкентай қызымды бағып анам қалған. Қызымның
жасы үште ғана, екі көзі жұлдыздай жанады, екі беті болса, балдай,
сондай тəтті. Өскенде Айға ұшамын дейді. Білмеймін қайдан
шығарғанын. Кешке таудан түстік. Үйге ерекше асықтым. Өз-өзінен
екі емшегім сыздап, тастай болып қатты да қалды. Клуб жанып жатыр


екен. Қараған да жоқпын, үйге жүгірдім. Ауыл тым-тырыс, тіршілік
белгісі білінсеші. Клуб болса, жанып жатыр. Үй қаңырап бос тұр.
Анам да, күйеуім де, қызым да жоқ. Тек шүберек қуыршағы домалап
бұрышта қалған... Қызым қолынан тастамаушы еді... Шыңғырып
жібердім. Ал клуб болса, маздап жанып жатыр. Жанұшыра жүгірдім.
Төңіректі күйген еттің жүрек айнытар тəтті иісі алып кетіпті,
жарандар!!! Азғындар, хайуандар, сендерге кішкентай періште,
бейкүнə сəби не істеді? Бүкіл ауылды клубқа жинап, от қойған екен...
Бірге кетейін деп ұмтылып едім, жібермеді. Пойызға салып алды да
кетті. Ал клуб болса жанып жатыр, жанып жатыр... 
Айжамал.
Алда байқұс-ай. 
Гүлжамал.
Сұм заман-ай! Қарғыс атқыр Гитлер-ай! 
Жəмила.
Жарайды, жарайды, құдай-ай. 
Барлығы шешен əйелді құшақтап, дауыс салып еңірейді.
Диуана шал.
Жаман ырым бастамаңдар. Жайықжанды, үлкен сапарға,
қанды қырғынға шығарып салғанда не болды? Дауыс шығарғандарың
қай сасқандарың. Тоқтатыңдар, түге! 
Неміс.
Иə, менің Мартам да о дүниелік болды. Умаждалған қағаз
сияқты жүріп бара жатқан пойыздан лақтырғанда... жаным қалай
шықпады, мына жүрек шіркін қалай тоқтап қалмады мен білмеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет