МАҚСАТЫ:1. Жасушаның клеткалық циклі, оның кезеңін (митоз соңы,синтез алды, митоз) аттарын еске сақтау, сипаттау, жасушалардың бөліну түрлері (митоз, амитоз, мейоз, эндомитоз), ерекшеліктерін, байқалатын өзгерістерін білу.
2.Митоздың негізгі сатыларын (профаза, метафаза, анафаза, телефаза) анықтай, зерделей білу.
Жасуша негізінен екі түрлі әдіспен бөлініп көбейеді. Оның біріншісі, күрделі бөліну- митоз, екіншісі, тікелей бөліну-амитоз. Амитоздың үш түрі болады. Бұлардан басқа, жасушаның бөліну түрлеріне мейоз және эндомитоз жатады.
Жасушаның бір бөлінуінен екінші бөлінуіне дейінгі кезеңді немесе жасушаның бөлінгенінен өлгеніне дейінгі уақытын- жасушаның тіршілік циклі, немесе клеткалық цикл деп атайды. Оның төрт кезеңі болады. Митозға дайындық, аралық, немесе интерфазадан басталып, онда мына өзгерістер байқалады:
1- хромосомалар екі еселенеді, 2- цитоплазмадағы тұрақты қосындылар саны артады, 3- АТФ қуаты (энергиясы) жасуша бөлінуіне пайдаланылады, 4- белоктар, хромосомалар центросома бөлінуі үрдісіне қатысады.
1-ші тапсырма. Ұзақтылығы 11 сағат болатын клеткалық циклді суретке салып, ондағы митоздық, синтез алды, синтездік және синтез соңы кезеңдерінің ұзақтығын дұрыс белгілеу керек.
2-ші тапсырма. Кішкене ұлғайтқышпен препараттан жасушалар митозын қарау керек. Үлкен ұлғайтқышпен тік бұрыш формалы бөлінбеген жасушаны (интерфазадағы) және митоздың: профаза (оның тығыз түйін секілді қопсый бастаған сатыларын), метафаза, анафаза, және телефазасындағы жасушаларды тауып алу керек. Олардың әрқайсысының суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- бөлінбеген жасуша ( интерфаза): а- цитолемма, б-цитоплазма,
в-ядро; 2- профаза (тығыз түйін сатысы): а-цитоплазма, б-ядро, в-оралым тәрізді хромосомалар, г- кариолемма; 3-профаза (түйіні қопсый бастаған кезі): а-цитолемма,б-микосоплазма, в- оралым секілді хромосомалар; 4- метафаза: а- аналық жұлдыз (жасушаның экваториалды жазықтығындағы хромосомалардың екі еселенген саны); 5- анафаза: а- бөлініп шыққан жасушаның ортасына қарай орын ауыстырған қос хромосомалар; 6- телофаза: а- бөлініп шыққан жасушаның түзіле бастаған ядросы, б- бөлініп шыққан жасушаның қабығы.
3-ші тапсырма. Субметацентрикалық метафазадағы хромосомалардың суретін салып, мыналарды белгілеу керек:
1-хроматидтер, 2-центромера (кинетохор), 3- қайталама қауыстырғыш (ұсақ ядроларды біріктіруші), 4-хромосоманың матрикасы.
Бақылау сұрақтары:
1. Клеткалық цикл дегеніміз не?
2. Клеткалық цикл қандай кезеңдерден тұрады?
3. Клеткалық циклдің қай кезеңінде ДНК екі еселенеді, белок синтезі жүреді және АТФ жиналады?
4. Интерфазаның әр кезеңіне не тән?
5. Митозда тұрақты қосындылар қалай өзгереді?
6. Митоз кезінде ядрошықпен ядро қабығы неге ұшырайды?
7. Митоздың амитоздан айырмашылығы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |