Көмбе нанның дәмі


Люба. Тек немістер тұрды ма?  Неміс шал



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Люба.
Тек немістер тұрды ма? 
Неміс шал.
Негізі неміс... Сол жылы егін қалай бітік шықты. Ондай
өнім бес жылда бір болады. Поселкімізде сиыр фермасы бар еді. Ауыл
сол сиырларды сауып сүтін, бордақылап етін өткізетін. Сөйтіп
жоспарды асыра орындап отырған үлгілі ауыл едік. Бізді тайлы
тұяғымызбен, тауар таситын вагондарға тыққанда, сол қазынаға ие
болатын адам да жібермеді-ау иттер. Ауыл қаңырап бос қалды. Үйді-
үйді аралап ұлыған ит, қараусыз сиыр біткен егіндікке түсіп,
қарындары жарылып, теңкиіп-теңкиіп жатты. Күзгі жауынға ұрынған
астық шіріп кетті. Осылай айналдырған екі-үш аптада түгіміз қалған
жоқ. 


Люба.
Тура біздің оқиға... 
Кəріс шал.
Иə, біздің оқиға... Бізде де күріш қалды. Есіл егін ысырап
болды. 
Ақеділ.
Сонда неге өйтті? Не үшін көшірді? 
Жайық._Ал_сіз_өтіп_кетер_ме_едіңіз_Кəріс_шал.'>Неміс.
Соғыс келсе, фашистерге өтіп кетеді деп сақтанғандары да. 
Жайық. 
Ал сіз өтіп кетер ме едіңіз? 
Кəріс шал.
Əй, балам-ай, балалықпен сұрап тұрсың-ау, көңіліне келеді
демейсің. Кеңес жері – бəріміздің отанымыз. Отанын кім сатушы еді.
Германияның өзінде де Гитлерге көпшілік ергенмен, қарсы тұрған, сол
қарсылығы үшін жазаға тартылған немістер аз емес. 
Жайық.
Сіз оны қайдан білесіз? 
Кəріс шал.
Көңілім сезеді. 
Жəмила.
Ренжімеңіздер. Балалықпен сұрайды ғой. 
Неміс шал.
Неміс дейді – 
Неміс болса несі бар? 
Төрт құбыласы тегіс болса несі бар, 
Гитлердің жендеті емес бар неміс
Болса, аяма – қылша мойнын кесіп ал. 
Ұйқы-тұйқы, тірлігінің жолдары,
Болар түсті болдырмады, болмады... 
Сондай кезде пана тапты қазақтан 
Қорлатпады, қорламады – қорғады... 
(Еслям Зікібаев «Гер-ағаға») 
Осындай өлең бар, қарағым. 
Жəмила дастархан басына көмбе нан əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет