Сабақтың тақырыбы: Гете – Лермонтов – Абай
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері/Учебно воспитательные задачи:
Абай мен орыс, неміс ақындары шығармашылығындағы өмір шындығының табиғи мәнісін оқушыларға жеткізу, орыс халқы, неміс халқы өміріндегі жағымсыз құбылыстардың қазақ даласында бар екендігін Абайдың аударма арқылы қызықты жеткізе білгендігін түсіндіру;
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ізденіс қабілетін дамыту;
Оқушыларды адалдық пен адамдыққа, достыққа баулу, сұлулық пен әсемдікті сүюге, бірін-бірі қадірлей білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар/Оборудование,наглядные пособия: үш ақынның портреттері, домбыра, үнтаспа, кітаптар, түрлі-түсті суреттер, Абайдың нақыл сөздері жазылған плакаттар.
Сабақ түрі/Тип урока: Ашық тәрбие сағаты.
Әдіс-тәсілдер/Методы: Мәтінмен жұмыс, салыстырмалы әдіс, сөздікпен жұмыс, терминдермен жұмыс, кестелер, үлестірмелі қағаздар, сюжетті картинамен жұмыс, аударма жұмыстары, топтық жұмыс, аудиожазба жұмысы
Сабақ барысы/Ход урока:
Ұйымдастыру
|
минут
|
2.Өткен тақырыпты бекіту
|
10- минут
|
3.Жаңа сабақ
|
47-52 минут
|
4.Жаңа сабақты бекіту
|
минут
|
5.Тапсырма беру
|
5 минут
|
2.Өткен тақырыпты бекіту (10- минут)
3.Жаңа сабақ (47-52 минут)
Ашық сабақ 3 бөлімнен тұрады:
I бөлім. «Аударма түрлері ― Виды перевода»
II бөлім. «Жарқын жұлдыздар ― Лучезарные звезды»
III бөлім. «Ұлылардың үндестігі ― Созвучие великих»
Эпиграф (үш тілде):
WARTE NUR6 BALDE
RUHEST DU AUCH …
ПОДОЖДИ НЕМНОГО,
ОТДОХНЕШЬ И ТЫ ...
ТЫНШЫҒАРСЫН СЕН-ДАҒЫ САБЫР ҚЫЛСАН АЗЫРАҚ ...
(ГЕТЕ-ЛЕРМОНТОВ-АБАЙ)
Үнтаспадан ән естіледі.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Гете-Лермонтов-Абай». Сабағымызда ұлы ақындардағы аударма өнерінің үндестігін меңгеретін боламыз. Біздің мақсатымыз – сіздерді үш халықтың ұлы ақындарының қысқаша өмірбаянымен таныстырып, олардың үндестігін түсіндіру. Абайдың шығармашылығымен таныса отырып, Абай ақын ғана емес, әрі аудармашы, әрі сазгер екендігін осы сабақтан білесіздер. Сабақ үш бөлімнен тұрады.
I бөлім. «Аударма түрлері ― Виды перевода»
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі; 2) Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі).
Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне қарай ажыратылып жүр. Мысалы,
құрылымдық сипатына қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы;
жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай:
1) көркем аударма;
2) ақпараттық аударма;
3) ғылыми аударма;
4) ресми аударма;
5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма.
Сөзбе-сөз (калька) аударма – тілдік бірліктің сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді.
сөздікпен жұмыс
терминдермен жұмыс
аударма жұмысы
|
По жанрово-стилистической классификации переводы бывают:
литературный (художественный)
информативный (специальный).
|
Литературный перевод-көркем әдеби аударма
|
Информативный перевод-ақпараттық аударма
|
Письменный перевод-жазбаша аударма
|
Устный перевод-ауызша аударма
1.Синхронный перевод-синхронды аударма
2.Последовательный перевод-ізбе-із аударма
|
II бөлім. «Жарқын жұлдыздар ― Лучезарные звезды» Ақындардың өмірімен таныстыру және 3 ақынның өмірбаяндарын салыстыру
Абай 90-жылдары орыс ақындарын аудара бастады. Сол ақындардың ішіндегі Лермонтовты ол «ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп, өте іш тартып, жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Сондықтан да Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Абай ұлы ақынның, тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алатын дәрежеде еді, ол мұңынын ұққан халақтың жырын да ұқты. Абай көбіне өз ой-сезіміне үндес шығарманы аударады. «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз...»-Лермонтовтың «Выхожу один я на дорогу» атты өлеңін Абай 1898 жылы аударған. Бұл – өмірге ой көзімен қарай білудің, сезімталдық, сыршылдықтың үлгісі болатын лирикалық туынды. Абайдың өлеңі Лермонтов нұсқасына жолма-жол сәйкес келіп отырады, мағынасы жағынан әбден жақын және көркемдігі де өте жоғары.
Мысалы,
Лермонтов
|
Абай
|
В небесах торжественно и чудно
Спит земля в сиянье голубом...
Что же мне больно и так трудно?
Жду ль чего? Жалею ли о чем?
Уж не жду от жизни ничего я,
И не жаль мне прошлого ничуть:
Я ищу свободы и покоя!
Я бы хотел забыться и заснуть.
|
Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын,
Менің не мұнша қапа қысылғаным?
Үміт пе? Өкініш пе ойлағаным?
Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,
Өмірге өткен титтей өкінбеймін.
Азаттық пен тыныштық – көксегенім,
Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін...-
|
3 ақынның өмірбаяндарын салыстыру
ақынның өмірбаянындағы ұқсастық
III бөлім. «Ұлылардың үндестігі ― Созвучие великих»
Гете
|
Лермонтов
|
Абай
|
Über allen Gipfeln
Ist Ruh,
In allen Wipfeln
Spürest du
Kaum einen Hauch;
Die Vögelein schweigen im Walde.
Warte nur, balde
Ruhest du auch.
|
Горные вершины
Спят во тьме ночной;
Тихие долины
Полны свежей мглой;
Не пылит дорога,
Не дрожат листы...
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
|
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
|
Гете мен Абай шығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ көктемі» кітабына Абайдың патриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады.
|
Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.
|
Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам түтқиылдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Үшқыр қиял - Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді. Өмірдің әрбір күнін елмес, өшпестей ете алсам деп арман етеді ақын. Әрекетсіз, күрессіз өмірбос, ынтасыз, іске ықылассыз қызықжоқдейді ол. Ал Лермонтов поэзиясының бір берік қазығындай «Ой» деген толғау-жырын еске алсақ, оның Абайдың назарына тегін ілікпегенін байқай аламыз. Дүние, өміржайлытынымсыз ойға батып, бәрінсынап, ақылменен саралап, асқаққиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы, бәрі де осы өлеңінен мол сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса, ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш әлсіз көрінсе, қайғы-мұң неге болмасын.
|
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез -
Они растают и прольются.
|
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!
|
4.Сабақты қорытындылау/Итоги урока:
Сұрақтар
Үш ақынның үндестігі неде?
Қайғылы тағдырлары ұқсас па?
Аударма ғылымы қалай бөлінеді?
5.Жеке оқушыларға озық тапсырма беру/Опережающие задания учащегося:
6.Үйге тапсырма беру:
Достарыңызбен бөлісу: |