Көмбе нанның дәмі



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Түрік кемпір.
Ойбай, Зуһра, өлтіремін тоқта! 
Зуһраны əрі тартады, неміс шал бері тартады. Қырғын төбелес
басталады.
Неміс шал.
Əй, кемпір, тоқта болды, тұра тұршы. Тоқта. Масқара
боламыз. Бұл елге екеуміз де келімсекпіз. Есіңді жи. 
Түрік кемпір
(басылып).
Енді өзің ғой, қақпас! 
Неміс шал.
Екеумізді де ұстап əкетеді. Тоқта. Жүр, Зуһра. Жүр, кеттік.
Жасұлан.
Ах, атаңа нəлет фашист! Осыдан көр де тұр, қалай болар
екенсің! Осыдан көр де тұр! Ісім сенімен болсын! Əкеңді танытамын
сенің! 
Зуһра, Ақеділ, неміс шал (шарасыздықтан қолын бір сілтеп) кетіп
қалады. Жасұлан мен түрік кемпір олардың артынан ілеседі.
Тоғызыншы көрініс


Ұлы Отан соғысының уағындағы шағын кеңсе, үстел басында жас
сарбаз жазу жазып отыр. Герольд (неміс шал) келіп кіреді. 
Неміс._Сəлем_бердік._Жайық._Амансыз_ба,_қалыңыз_қалай_Жайық._Бірақ_мен_болмаймын._Майданға_аттанып_барамын._Неміс.'>Неміс._Жақсы..._Жайық.'>Неміс.
Сəлем бердік.
Жайық.
Амансыз ба, қалыңыз қалай? 
Неміс.
Жақсы... 
Жайық.
Сіздің нендей жағдай болса да жақсы дейтініңіз жақсы. 
Неміс
(күліп).
Жақсы болса енді басқаша қалай айтамын? 
Жайық.
Дұрыс. Мында қолыңызды қойыңыз. Болды, енді тура екі
аптадан кейін келіп, бой көрсетесіз. 
Неміс.
Бір жаққа қашады дейсің бе? 
Жайық.
Бірақ мен болмаймын. Майданға аттанып барамын. 
Неміс.
Е де... Олай болса көріскенше, балам. Қайда жүрсең де аман-
есен бол. 
Жайық.
Қызық, сіз де неміссіз, майдандасқалы бара жатқан
дұшпаным да неміс. Бірақ сіз мында маған амандық тілеп тұрсыз. 
Неміс.
Неміс пен фашистің айырмасы жер мен көктей. Бұны сен
білмей айтып тұрсың, бірақ осыны білетіннің өзі білмегенсіп мына
сойқанды салып отыр емес пе. Сол қинайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет