Көмбе нанның дәмі



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Түрік кемпір.
Е, не қасіретті бастан кешіп келгенін кім біледі. Өрт
жалмады дейді де отырады.
Зуһра.
Əлде келе жатқан пойыздары өртеніп кетті ме екен. 
Түрік кемпір.
Кім біледі... 
Зуһра.
Апа, мен шаршадым. Қарным ашты. 


Гүлжамал. 
Мə, сен де іш айраннан. Іше ғой.
Айжамал.
Болды, дарақылана берме, өзімізге де қалсын. 
Гүлжамал (қысылып).
Жетеді, жетеді ғой. 
Зуһра.
Жоқ, рақмет. 
Түрік кемпір.
Айналайын, рақмет. Қазір сəл шыдасақ, үйге қайтамыз.
Өздерің ішіңдер, өздерің ішіңдер. 
Жəмила дорбасын қопарып-қопарып, түбінен ірімшік шығарып,
ақырын Зуһраға береді. Əйелдер əрі қарай ыңылдап əндетіп,
жұмыстарын жалғастырады. Терезеден Ағира сығалап жүр. Ол
əйнекті қағады. Əйелдер оны байқап, күрсініп қояды.
Ағира.
Қыздар-ау, беу қыздар! Төрт ұлым төрт жағымнан алып,
аяғымды жерге тигізбей көтергенде көрермін сендерді. Сол кезде бəрің
жыпырлап, апа-апа деп асты-үстіме түсерсіңдер əлі. Ана жақта туады
менің дəуренім, сонда көресіңдер...
Төртінші көрініс
Қоңырқай шаңырақ. Ортада дөңгелек аласа үстел. Майшам
сығырайып жанып тұр. Жасұлан мен Ақеділ кітапқа шұқшиып бір
нəрсе жазып отыр. Украин қыз Люба оларға қарап отыр. Жəмила
кіреді. Ол келгенде балалар бəрі жапырлап, қолына қарайды. Жəмила
орамалын шешіп, шашын жайып жіберіп, арасын қағып-қағып, бидай
түсіреді. Оны қолдиірменге тартып, бір уыстай ұн жасап, быламық
пісіреді. Төмендегі əңгіме Жəмиланың осы ісі барысында жүреді. 
Жəмила.
Балалар, жұмыстарыңды аяқтаңдар. Кешкі шайымызды ішіп
жатайық.
 
Ақеділ.
Жайық келмеді ғой.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет