Көмбе нанның дәмі


Жəмила. Алда байқұс-ай. Қайда барасың, жаным, тоқта.  Артынан жүгіреді. Ақеділ



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Жəмила.
Алда байқұс-ай. Қайда барасың, жаным, тоқта. 
Артынан жүгіреді.
Ақеділ.
Түу, құдай-ай. 
Жасұлан
(көзінің жасын көлегейлеп)
. Жарайды, дос, мен кеттім.


Ренжімеші. Жəмила апайға рақмет дей салшы. 
Ол шығып кетеді. Дастархан басында Ақеділ жалғыз қалады.
Бесінші көрініс
Ақеділ, Жасұлан, Зуһра, Люба төртеуі қыдырып жүр. Оларға Диуана
шал мен бала кезігеді. 
Ақеділ._Бұл_не_Диуана_шал.'>Диуана шал
(Ақеділге)
. Əй, балам, мынаны Жəмилаға апарып бер.
Ақеділ.
Бұл не? 
Диуана шал.
Суыр. Екі суыр ұстадым бүгін. Пісіріп жеңдер. 
Ақеділ.
Рақмет, ата. Жарайды. 
Диуана
. Айдалада неғып жүрсіңдер? 
Ақеділ.
Мектептің тапсырмасымен, далада өсетін шөп түрлерін жинап
келіңдер деген. 
Диуана шал.
Е, жарайды, абай болыңдар. 
Кетіп қалады.
Жасұлан.
Суыры несі? Немене сендер суыр жейсіңдер ме? 
Ақеділ
(қызарақтап)
. Үйге апарамын ғой не болса да.
Люба
. Қызық адам екен. 
Ақеділ.
Ашаршылық кезінде бүкіл ауылды асыраған. Аң аулаған.
Тышқан, жылан, кесіртке – бəрін. Ауыл осы кісінің арқасында адам
шығынынсыз шықты. 
Жасұлан.
Қазір аздап былай, есі кіресілі-шығасылы сияқты, иə? 
Ақеділ
(жаратпай).
Білмеймін. 
Жасұлан.
Ана жолы түсімде қып-қызыл түлкі жотадан жотаға жөңкіп
зымырап бара жатыр екен, оның соңынан самғай көтерілген бір бүркіт
шүйлігіп барып түйреп іліп əкетеді. Мен оларға сырттан тамашалап
қарап тұр екенмін. Көктем, сай-саланың бəрі көкпеңбек жасыл майса.
Күн болса шақырайып шығып тұр, айнала тып-тыныш. Жұмақ тəрізді
сурет. 
Ақеділ.
Соғыс аяқталатын шығар. Түлкі деген – зымиян Гитлер болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет