Көмбе нанның дәмі


Диуана. Бейшара қыр соңымнан қалмайды, не жақындамайды. Енді қайда кетті? Неміс шал



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Диуана.
Бейшара қыр соңымнан қалмайды, не жақындамайды. Енді
қайда кетті?
Неміс шал.
Үркіп қалған. Адамнан қорқады. Құдықта су бар ма? 
Диуана.
Өзің қай үйге қоныстандың? 
Неміс шал.
Ағира деген кемпір қабылдады. 
Диуана.
А, Ағира ма? 
Неміс шал.
Шерменде екен. Үйде отыра алмаймын. Қақ төрге шығып
алып, орамалын шешіп, аппақ шашын жайып жібереді де зарлайды да
жатады.
Диуана.
Қайтсін енді. Төрт ұлдан бір-ақ айырылды. 
Неміс шал.
Үйге сыймаймын. 
Диуана.
Шайын қойып беруге жарасаң, ол да несібе.
Неміс шал.
Əлі орныға алмай жатырмын. Темір жол бойын жағалап,
халім жеткенше жүріп қайтамын. Жолда кемпірімді лақтырып жіберіп
еді жауыздар. Соның мəйітін табамын ба деп.
Диуана.
Таба алмассың... 
Неміс шал.
Бəрібір іздеймін. 
Диуана.
Ізде, ізде... 
Неміс шал.
Өзің осы ауылда тұрасың ба? 
Диуана.
Осы ауылда, осы ауылда.
Неміс шал.
Бұлай өмір сүре алмаймын... Шыдамым қаншаға жетеді
білмеймін... 
Кенет ол Диуана шал құрып отырған торға малтығып қалады.
Босана берем дегенде жерге жығылады. Диуана шал қалбалақтап,
оны тұрғызып, тұзақтан шығарып жүр.
Неміс шал.
Əй, құдай-ай! Сталиндік конституция – зұлмат. Кеңес
өкіметі - зымиян, қарғыс атсын сені, мұртты тажал! Қарғыс атсын
сені! 
Диуана.
Жалғыз анық – бұйрық қана. Алланың бұйрығы... Дəм-тұзың
таусылмай өле алмассың... 
Неміс шал.
Мен өлім іздемеймін. Өмір сүру керек, көну керек... Дұрыс
айтасың. «Құдай салды – біз көндік». Дұрыс, бəрі дұрыс... Жарайды,
аман бол. 
Диуана.
Аман бол, аман бол... 
Қолында шыбығы, шашы дода-дода болып орамалынан шығып кеткен


Ағира келеді.
Ағира (өзімен-өзі сөйлеседі).
Қара қағаз жібереді де жатады, жібереді
де жатады. Төрт балам бар еді, төрт қара қағаз жіберіпті. Қағаз бала
бола ма? Сталинді айтамын да, жынды ма өзі? Соғыс біткен соң
қайтара ма əлде. Осы қағазды ала тұрсын дей ме? Əйтпесе немене?
Қағазға қатын əперем бе? Қатын қағазды не қылады? Миым жетпейді.
Жынды ма немене? 
Диуана шалды байқайды. Ағира есін кенет жиып, қысылып қалады.
Қолындағы шыбықты лақтырып жібереді.
Ағира.
Ұят-ай... Қайынатам ғой 
(сəлем салады).
Диуана шал басын изеп, қабағын түйген қалпы өтіп кетеді. Артынан
кішкентай бала өтеді. Ағира оған да сəлем салады. Бала да мəн
бермейді.
Үшінші көрініс
Ауыл əйелдері жиналған масақты бидайдан ажыратып отыр. Біреу
əн салады. Олардың арасында қазақтардан бөлек, ауылға келіп
қоныстанған басқа қатындар да бар. Оларды үстілеріндегі өз
ұлтына тəн элементтері бар киімдерінен танимыз. Кейбірі ортақ
əңгімеге араласып, етене жақын отырса, біреулер бөлек қалпынан
жаңылмаған. Əсіресе бір шешен əйел ерекшеленеді. Ұзын, тым ұзын.
Жас мөлшерін түріне қарап ажырата алмайсың. Басқа жұрт бір
төбе болса, ол бір төбе. Бет-жүзінде қасірет таңбасы соғылып, сол
қалпында сіресіп қатып қалған. Эмоциясыз. Көздері де қозғалмайды,
өлі. Есалаң бригадир келіп кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет