Сабақ тақырыбы Өзіме киім үлгісін таңдаймын. У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
Дата 10.12.2021 өлшемі 36,01 Kb. #78692 түрі Сабақ
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиет 2-сынып 1-бөлім Өзім туралы Өзіме киім үгісін таңдаймын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР Бұл бет үшін навигация:Мектеп: «SMART-ILIM» мектеп гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні : Есенгалиева Айсауле Күні: 09.09.2020 ж Сынып: 2 «А» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) Алдыңғы меңгерілген білім Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Ортадағы шеңберге жиналу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Сурет, етік, елу, шұбат, сусын, сарымай, шуақ Дәуіт, жүрек, егеу, әуен, тамаша, бауырмал, уық Мұғалімнің сөзі Ереже Тапсырма: у 2-топ Оқулықпен жұмыс. 21- бет. 21жаттығу. Тірек сөздер Айтылым. Шеңбердегі әңгіме Әңгіменің басы
Мектеп: «SMART-ILIM» мектеп гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні : Есенгалиева Айсауле
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Күні: 09.09.2020 ж
Сынып: 2 «А»
Сабақ тақырыбы
Өзіме киім үлгісін таңдаймын. У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
2.1.4.1- тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.1.5.1 дерексөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті
Табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
2.4.1.2 у , и, й әріптерінің емлесін сақтап жазады
Сабақ мақсаттары
«У», «и», «й» әріптерінің емлесін сақтап жазады
Бағалау критерилері
Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Тақырып бойынша ұсыныс айта алады.
Сөздік қор
ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну , мата
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік
Пәнаралық байланыстар
Өзін өзі тану пәнімен байланыс
Акт
Видеороик, проектор
Алдыңғы меңгерілген білім
Киім түрлері туралы білді, өзіне ұнайтын киім түрлері туралы айта алды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақ басы
3 минут
Ортадағы шеңберге жиналу.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Слайд
Сабақтың ортасы
10 мин
5 минут
5 минут
10 минут
2 минут
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Сыныпта у әріпін жасырып қою.
-Балалар, бүгінгі сабақта біз У дыбысымен танысамыз. Сұрақтар қойып, жауап беруге үйренеміз.
Ұжымдық жұмыс . Бірнеше жазылған сөздердің ішінен у дыбысы жазылған сөздерді оқиды.
У дыбысы бар сөздерді оқу
Қай сөздер у дыбысы дауысты, дауыссыз екендігін анықтау.
Сурет, етік, елу, шұбат, сусын, сарымай, шуақ
Дәуіт, жүрек, егеу, әуен, тамаша, бауырмал, уық
Мұғалімнің сөзі: Ережені түсіндіру. У – дауысты;
У – дауыссыз.
Ереже: Дауыстыдан соң келсе дауыссыз, дауыссыздан соң келсе дауысты.
(Ж) Жұпта 2 сөз ойлап табу. Бір сөзде у дауысты ал бір сөзде у дауыссыз.
Сөздік диктант: сусын, сәукеле, қуыршақ, сурет, оқулық, тау.
Тапсырма: у дауысты дыбыс бір сызықпен, дауыссыз дыбысты екі сызықпен сызу.
Бағалау: сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;
(Ө;Т;Қ) Тірек сөздермен жұмыс.
1-топ
Оқушылардың алдына бірнеше сөз тіркестері беріледі.
Сөз тіркестерін суреттегі киімдермен байланыстырады, оларды сипаттайды
Спорттық киім –
Суда жүзуге арналған киім –
Мерекелік кешке арналған киім –
Арнайы киім –
Жеңіл киім -
2-топ Оқулықпен жұмыс. 21- бет. 21жаттығу. Жеке жұмыс. Дайын шаблон арқылы ойларын жеткізу.
«Мен саған ........ ұсынамын, себебі .............. . ......... »
Тапсырма: Суреттегі балаларға киім түрін таңдауға көмектесу.
3-топ. Суретпен жұмыс.
Тапсырма: Берілген киімдерді сипаттау.
Тірек сөздер: ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, матасы ....
4-топ Кестемен жұмыс.
Киімді қалай таңдау керек?
Қандай киім түрлерін білесің?
Саған қандай киім ұнайды?
Сергіту сәті.
1.Әдемі ол тым –ақ
Оның аты ... (тымақ)
2.Береді қызға көрік
Киіп алса ... (бөрік)
3.Дейді әже кимесек
Басымызға ... (кимешек)
4.Сыйладым мен әпкеме
Әшекейлі ... (сәукеле)
5.Сүрініп ол кетіпті
Аяққа киіп ... (етікті)
6.Мықты болар денсаулық
Басыңа кисең ...(жаулық)
7.Дүкеннен алдым он
Әдемі қара ... (тон)
8.Жылы дейді атам
Киіп алып ... (шапан)
9.Кеттім қатты сөйлеп
Үстімде әдемі ... (көйлек)
10. Қуанады балақай
Басына киіп ...(малақай)
Айтылым.
Шеңбердегі әңгіме . Оқушының тілін, шығармашылығын дамытады.
Мақсаты: жүйелі әңгіме құру
Мұғалім бір әңгіменің басы мен аяғын айтады.
Әр оқушы бір сөйлеммен жалғастырады.
Әңгіменің басы: Бір күні анаммен киім дүкеніне келдім.
Әңгіменің аяғы: анама рахмет айттым.
Үйге тапсырма: 22-бет, 21-жаттығу, жазбаша. Жұмыс дәптері.
У дыбысы
Слайдпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Үлестірмелі материал
Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар
Үлестірмелі материал (суреттер)
Үлестірмелі материал (кесте )
Жұмыс дәптері.
Сабақтың соңы
5 мин
(МК)
+ Мен ................ үйрендім.
-Маған .............. қиын.
«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.
Достарыңызбен бөлісу: