Көмбе нанның дәмі


Ауылбасы. Оттама! Əй, қашпаңдар! Жұрт ақырындап жылыстап тарап, қатарлары сирей бастайды. Ауылбасының əйелі



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Закон Вариант 9 Прочитайте текст из статьи «Детство особый перио
Ауылбасы.
Оттама! Əй, қашпаңдар!
Жұрт ақырындап жылыстап тарап, қатарлары сирей бастайды.
Ауылбасының əйелі
(келгендерге қарап)
. Əй, шосмотришь, əй!
Қарамандар бізге!
Бригадир.
Атамын, тоқта! 
Ауылбасы аулақтау тұрған əскериге жақындайды.
Əскери.
Тоқтаңдар! 
(Ауылбасының əйеліне)
Сіз тұра тұрыңыз!
Қабылдап алыңыздар. Мен сіздерге өткізіп, тапсырып кетуім керек.
Мыналар қызық қой. Тұра қашқандары несі. Содан кейін, қабылдап
алған соң жоламаңдар. Əзір тұра тұрыңдар. Түсінесіз бе?
Ауылбасы.
Жолдас командир, бұларды мен қайда жатқызамын? Немен
асыраймын? Онсыз да азық-түлік біткенді майданға жіберіп отырмыз,
өз жұртым аш-жалаңаш. Қыс болса мынау қаһарын төккен.
Мынауыңыз екі ауылды құрайтын халық қой. Бұлай болмайды.
Командир.
Қазақтың көрпесі кең. Барлығы сыяды.
Ауылбасы.
Өзің ғой, адам етін жейді деп жерітіп отырсың. Біресе
қабылдап ал дейсің. Қай сөзің дұрыс.
Əскери.
Əйтеуір тіл мен жақтарыңа сүйенген елсің. Мə, мында қол
қой. 
Ауылбасы
. Қайдам... Қырып аламын ба деп қорқамын. Көздері


жəудіреп, ауылыңды пана тұтып келгесін... кішкене жағдай жасап...
солдаттарыңа айтсаңшы, ең болмаса жертам қазысып кетсін, нашалнiк.
Ауыл толы қатын-бала, мыналар да қалт-құлт етіп тұрған шал-кемпір,
бала-шаға. Қалай болар екенбіз. Кішкене қол көмек беріп кетіңдер. 
Командир._Уақыт_жоқ_оған._Басымды_қатырма,_кет._Ана_тізімге_қолыңды_қой,_қабылдап_алдым_де._Əрі_қарай_білгеніңді_істе._Ауылбасы.'>Командир.
Уақыт жоқ оған. Басымды қатырма, кет. Ана тізімге
қолыңды қой, қабылдап алдым де. Əрі қарай білгеніңді істе.
Ауылбасы.
Енді қайтсеңдер де кішкене ауылдың шама-шарқына қарау
керек қой. Бұл не қылғандарың?
Командир
. Сіз көп сөйлейді екенсіз. Өте көп сөйлейді екенсіз. 
Ауылбасы
(шошынып).
Жоға. Кілең жансыз деп төгіп жатырсыңдар.
Бұларды қайда жатқызамын дегенім ғой? 
Командир.
Бұл енді сенің жұмысың, ауылдың басшысы сенсің. Өзің
тап шешімді. Бірақ есіңде болсын, сəл сезіктенсең, кілт еткен күдік
туса, жас деп, кəрі деп, көзі əдемі деп аяма. Дереу, естіп тұрсың ба
дереу келіп, баянда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет