Комбинаторика формулалары
Шешуі «нешеу», «неше тәсілмен» деген сұрақтарды қажет ететін есептер комбинаторикалық есептерделінеді. Мұндай есептерді шешумен айналысатын математика саласы комбинаториканемесекомбинаторикалық математика деп аталады. 1- анықтама. Берілген әртүрлі n элементтен m элемент бойынша орналастырулар деп әрқайсысы бір бірінен құрамы бойынша , немесе орналасу реті бойынша ажыратылатын комбинацияларды айтамыз.
(2.1)
мұндағы n! ( эн факториал) дегеніміз n!=1· 2 ·3 ·4 ·5 · …· n 1-ден n-ге дейінгі натурал сандардың көбейтіндісі
Ескерту: 0!=1 деген ұйғарым алынған.
Мысал 1.2.1: Әр түсті 6 жалаушадан екеуден ала отырып, неше түрлі белгі беруге болады?
Шешуі: Есеп шартына сәйкес элементтер орналасу реті де, құрамы бойынша да ажыратылатын болғандықтан, орналастыру қолданылады:
Жауабы:30
2 - анықтама. Берілген әртүрлі n элементтен m элемент бойынша алмастырулар деп әрқайсысы бір бірінен тек орналасу реті бойынша ажыратылатын комбинацияларды айтамыз.
Pn ==n!яғни
Pn = n!
Мысал 1.2.2: Егер 1, 2, 3 сандарынан әрбір сан кескінге бір рет енетін болса, неше үш орынды сан құруға болады?
Шешуі: Есеп шартына сәйкес элементтер тек орналасу реті бойынша ғана ажыратылатындықтан, алмастыру қолданылады:
Жауабы: 6
3 - анықтама. Берілген әртүрлі n элементтен m элемент бойынша терулер деп әрқайсысы бір бірінен тек құрамы бойынша ажыратылатын комбинацияларды айтамыз.
Мысал 1.2.3: Жәшіктегі 10 детальдан 3 детальды неше әдіспен алуға болады?
Шешуі:Есеп шартына сәйкес элементтер құрамы бойынша ажыратылғантықтан теру қолданылады: