Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу.
Дайындай жұмысы аяқталып тексеруден өткізілгеннен кейін бу генераторын жағуға кірісуге болады. Алдымен ошақты 10- 15 минут түтін жүргізгішті жіберу арқылы желдетіп алып ағаш немесе мазут жағып оттықты қыздырады. Оттық 700-900 градусқа дейін қызғаннан кейін ауа аралас майдаланған көмірді аздап беріп жандырады.
Бу қысымы өскен сайын бу қоздырғыштарын үрлеуін азайтып жану процессін ұқыпты қадағалап бу қысымын 0,3...0,5мПа-ғажеткенде бу қазанына барабан арқылы су беруді бастау қажет. Орталық бу қысымы алдында түтін сорғышты жіберіп толық күшіне жіберілгенше үрлейтін желдеткіш қосылу керек. Бұдан кейін бу генераторы тлық жіберілген деп есептеледі.
Мазутпен немесе газбен істейтін бу генераторларын жабу алдында қосымша ережелерді орындайды. Мазут пен газдың керекті көлемде және қысымда тұрғанын ,жіберіп баптауға мекеменің толық дайындығын, т.б. тексеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |