Ортадан тепкіш сорғыларды іске қосу.
Жұмысқа қосу алдында сорғыларда жанармай барлығын, тығыздатқыштардың дұрыс орнатылғанын монометр крандарының жабықтығын , біліктің жеңіл айналып тұрғанын , фианецтердің тығыз болуын электр тоғына қосатын жабдықьардың, суды кейін жібермейтін қақпақшалардың жұмысқа дайындығын және сорғыш суға толып тұрғанын тексеру керек. Ортадан тепкіш сорғының су келетін кранын ашып, су жібергіш кранды жауып өқою керек. Толық айналымға келгенде су келетін кранды ашуға болады.
Сорғыштың электр қозғалтқышын іске қосқаннан кейін айналып тұрған бағытын,дұрыстығын, электр ұшқындары пайда болмағанын тексереді. Сорғыш толық айналымнан шыққаннан кейін қысым және су сорғыш крандарын ашады.
Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда жанармай толық берілуін, салқындататын судың келңп тұрғанынғ тығыздатқыштардан су мен май шықпауын қадағалайды.
Сорғышты тоқтату үшін алдымен қысым беру вентилін жауып, электр қозғалтқыш тоқтатылып, су келетін кранды жабады.
Жұмыс істеп тұрған сорғыштың берілетін өнімнің төмендеуі мынадай жағдайда болуы мүмкін: сорғыштың денесі мен қалақша арасындағы бос жер үлкейіп кеткенде,судың қызуы көтерілгенде , қабылдайтын су құбырларында кедергі пайда болуын, қалақшаға зат жабысқанда, тығыздатқыштар босағанда,сорғышта немесе су құбырларында ауа болғанда . Сорғыштың беретін қысымының төмендеуіне қабылдайтын қақпақшаның ластануы, бактағы,су деңгейінің және электр тоғы кернеуінің төмендеуі және тағы басқа себеп болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |