Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Отын шаруашылығын пайдалану



бет12/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Отын шаруашылығын пайдалану.

Өндірістік қазандық құрығылардың отын шаруашылығы отынды түсіруге, сақтауға, беруге,және қоймада жинауға арналған құрылғыдан тұрады. Өндірісте қатты отынды сақтайтын қойма болады. Қоймаларды эксплуатациялау кезінде отынды сақтауға көп көңіл бөлу қажет. Қоймада сақталған отынды көп уақыт аралығында пайдаланбаса ол суланады, желдетіледі және ластанады. Ол жану жылуын төмендетеді. Ұшатын бөлшектері көп отындар су мен ауаның әсерінен өздігінен жанады. Оны болдырмас үшін отынды штабельдерге сақтайды.

Эксплуатациялау кезінде штабельдерді тексеру және температурасын өлшеу қажет. Егер отынның өздігінен жануы жағдайлары болса, онда штабельдегі отынды қазандақтың бункеріне бері қажет. Штабельдегі жану ошақтарын сумен сөндіруге болмайды.

Сұйық отын өндірісте негізгі, резервті апатты түрде болуы мүмкін.Мазутты шаруашылық циетерналардан мазутты қабылдау және құю, сақтау және өңдеу және форсумакаларға берумен қамтамасыздандырылады. Мазутты құйып алу үшін қоздырғыштармен немесе бумен қыздыру қажет. Мазутты сақтау арнайы резервуаларды жүргізіледі. Олар жер үстіндегі, жартылай жер астындағы және жер астындағы болады. Резервуалдар темір бетоннан немесе бетоннан жасалынады. Резервуаларды эксплуатациялау оларды жүйелі түрде қадағалау және апатты, бұзулуларды болдырмаудан тұрады. Резервуарларды эксплуатациялау кезінде келесілерді сақтау қажет:

1.Барлық қосылыстардың тығыздығын тексеру.

2.Бояуларының күйін қадағалау.

3.Резервуардың тұнғанын қадағалау.

4.Резервуар тұрған жердің тазалығын сақтау.

5.Резервуарларды толтыру және мазутты құюда жүйелі түрде жүргізу.

6.Резервуармен қосылған құбыр өткізгіштердің вибрациясын болдырмау.

7.Резервуарды орнатылған қоздырғыштарда буды жібермес бұрын гидравликалық соққыларды болдырмас үшін құрғату қажет.

8.Қоздырғыштардың конденсатының сапасын жүйелі бақылау.

9.Жаңа резервуарға өту кезінде жапқышты толық ашып,содан кейін жұмыс істеп тұрған резервуарды сөндіру керек.

10.Резервуарды толтыру немесе мазутты құю кезінде отынның деңгейін екі сағаттан кейін өлшеу қажет, мазуттың деңгейін минимальды шамаға дейін төмендету үшін резервуарды үздіксіз бақылауда орнату қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет