Көмірсулардың биологиялық ролі.
Көмірсулар тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (клетчатка, пектин заттары) полисахаридтер.
Көмірсулар негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 %-ға дейін қамтамасыз етеді (кесте 2,3). Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 кКал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене жұмысы кезінде бірінші кезекте көмірсулар шығын болады, олдардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар белоктарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен белоктардан айырмашылығы олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.
Көмірсуларға белгілі бір пластикалық рөл тән: олар глюкопротейдтердің (муциннің және басқа да мукойдтардың, нуклеопротейдтердің (пентозалардың), цереброзидтердің (галактоза), ферменттердің, дәрумендердің, сондай-ақ, кейбір гармондардың (фоликулостимулдеуші, тиреотропты, эритропоэтин т.б.) құрамына кіреді.
Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен: гиалурон қышқылының құрамында олар жасуша қабырғалары арқылы бактериялардың енуіне кедергі жасайды. Лактоза ішекте шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуын тежейтін сүт қышқыл бактерияларының дамуына ықпал етеді. Көкөністермен жемістердің құрамындағы пектин заттары мен клетчатка сияқты тағамдық емес көмірсулардың да детоксикациялаушы қасиеттері бар. Пектин заттары химиялық табиғаты жағынан гликополисахаридтерге, ағзаға сіңетін еритін заттарға жатады. Олар улы заттарды сорбциялайды, қорғасыннан, т.б. металдардан уланудың алдын алуда пайдаланылады, сондай-ақ, ішектегі патогенді шіріткіш микроорганизмдерінің өсуін тоқтатады.
Клетчатка өсімдік жасушаларының қабықшаларының құрамына кіреді, ішек микроорганизмдерінің ферменттерімен ыдырауға түсіп бірлі-жарымы сіңгенімен де, айтарлықтай қоректік маңызы жоқ. Клетчатка мен пектин заттары ішек перистальтикасын және секрециясын жақсартады, сөйтіп оның тезірек босауына ықпал етеді және іш қатуының (запор), шіру және ашу үрдістенінің күшеюінің, қатерлі ісіктер пайда болуының алдын алады. Мұнымен қоса олардың гипохолестеринемиялық әсері бар, себебі артық холестеринді байланыстырып оның сіңіуіне кедергі жасайды.
Клетчаткалардың санына байланысты барлық көмірсулы азықтарды құрамында “қорғалған” көмірсулары бар (крахмалы басым және клетчаткасы 0,4 %-дан артық) азықтарға және “қорғалмаған” немесе тазартылған (клетчаткасы 0,4 %–дан кем) азықтарға бөледі. Қорғалған көмірсулардың клетчаткасы көмірсулардың сіңуін және олардың майға айналуын төмендетеді.
Көмірсулардың жетіспеушілігі денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Гипогликемия энергиялық метериаларды тез жеткізіп отыруды бірінші кезекте қажет ететін ми мен еттердің энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл жағдай жалпы әлсіздікпен, ұйқышылдықпен, есте сақтаудың нашарлауымен, бас ауруы, ой жұмысы мен дене жұмысына қабілетінің төмендеуімен білінеді.
Көмірсулардың жеткіліксіздігі кезінде майлар мен белоктардың тотығуының бұзылуы нәтижесінде қанда олардың толық тотықпаған өнімдері кетон қосылыстарының жиналуы және ацидоз пайда болуы мүмкін. Ағзаның инфекцияларға қарсылық күші төмендейді, көптеген дәрумендер мен минералды заттардың ағзаға түсуі азаяды, белоктардың тағы да басқа тағамдық заттардың сіңуі нашарлайды.
Белоктар мен майлардың қажеттілігімен салыстырғанда көмірсулардың қажеттілігі 4-5 есе артық. Жұмысқа қабілетті жастағы ер адамдар үшін, ол орта есеппен 303-586 г/тәулік (4,3-8,4 г/кг массасына), әйелдер үшін –257-462 г/тәулік (4,3-7,7 г/кг массасына).
Белоктар мен майлар сияқты, көмірсулардың қажеттілік нормалары да ауыр дене жұмысын орындайтын адамдар мен жас адамдар үшін жоғары. Қарт және егде жаста қажеттілігі біраз төмендейді. Бала емізетін және жүкті әйелдердің рационына дене жұмысына активтілігі мен жасы бойынша қажеттілік нормаларына қосымша 30-40 г көмірсулар енгізіледі.
Көмірсуларды қабылдау белоктар мен майларды қабылдаумен балансталған болуы және оның үстіне көмірсулардың өзінің де құрамы балансталған болуы қажет. Олардың келесі арақатынастары оптималды деп есептеледі: крахмал 75 %, жай қанттар-20 %, пектин заттары-3 %, клетчатка-2 %. Қанттарды қабылдау, олардың қоректік құндылығынан басқа, ағзаға тәтті дәм сезілу қажеттілігін қанағаттандырады және орталық жүйке жүйесінің жағдайна қолайлы әсер етеді. Дегенмен көмірсулардың көбі ағзаға полисахаридтер түрінде түсуі қажет, олар ыдырауға түсуі барысында қанға біртіндеп аз порциямен өтеді, бұл глюкозаның алмасуын жақсартады, қандағы қанттың тұрақты деңгейінің сақталуына ықпал етеді және ұйқы безі мен бауырдың зорлануына әкеп соқпайды. Оның үстіне, ағзаға қанттардың көп мөлшерін енгізген кезде (200 г және одан да артық) глюкозаның ассимиляциялық табалдырығынан асып кетіп қанттың бір бөлігі бүйрек арқылы шығады.
Көмірсулардың балаларға қажеттілігі жоғары , себебі олардың ағзасында глюкоза үрдісі интенсивті жүреді.
Көмісулардың негізгі көздері нан және басқа да ұннан жасалған тағамдық заттар, жармалар, бұршақ тұқымдастар, сүт және кейбір сүт тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер, қант, бал, т.басқалар.
Сүттің құрамында 4,7 %-ға дейін қанты бар, ол жеңіл сіңетін көмірсу-лактоза түрінде. Лактоза Са, Мg, Р жақсы сіңуіне және В тобындағы дәрумендердің синтезделуіне ықпал етеді. Ішекте шіру және патогенді микроорганизмдердің дамуына кедергі жасайтын микрофлоралардың (бифидум бактериялардың) дамуына ықпал етеді, яғни асқазан-ішек жолдарында шіру үрдістерінің алдын алады.
Нан жоғары концентрацияланған тағамдық азықтардың бірі. Құрамында 45-50 % көмірсулары бар, негізінен крахмал, клетчатка түрінде. Нан арқылы рационның энергиялық құндылығының 1/3 бөлігі өтеледі.
Көкөністер ағзаға көмірсуларды жеткізіп отыратын негізгі азықтардың бірі.
Ресурс: https://studopedia.org/10-861.html
Достарыңызбен бөлісу: |