Көмірсутектер,изомерия құбылысы,номенклатура



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі143,32 Kb.
#92283
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ (жалпы химия) Оразкелді Нұршат

Алкандар
Сn Н2n+2







Қаныққан



Циклоалкандар
Сn Н2n







Көмірсутектер

Ароматты

Қанықпаған

Арендер
Cn H 2n-6

Алкадиендер
Cn H2n-2

Алкендер
Cn H 2n



Алкиндер
Cn H2n-2



Химиялық қасиеттері мен құрылысы ұқсас, ал молекулалар құрамы бойынша айырмашылығы бір не бірнеше CH2 тобы болатын қосылыстарды гомологтар деп атайды, олар гомологтық қатар түзеді. Мысалы, қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары. Бұл қатардың бірінші мүшесі – метан, одан соңғылары – бір-бірінен айырмашылығы CH2 тобы болатын гомологтық қатар мүшелері. 


Қаныққан көмірсутектер және олардың номенклатурасы
Алкандар — молекула құрамындағыкөміртекатомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.

Ең қарапайым алкан —метанныңқұырылымы
Алкандардың молекуласындағыәр көміртек атомыныңбарлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады. Алкандарды бірінші мүшесіметанболғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндердеп те атайды. Енді метанның мысалында алкандардың жалпы формуласынпайдаланып есептеу жүргізейік.
Жалпы формуладағы CnH2n+2, n - көміртек атомының санын көрсететін бүтін сандар. Көміртек атомының саны бірге тең болғанда (n= 1), сутекатомының саны 2n+2 =2∙1+2 = 4 болады да, ең қарапайым органикалық қосылыс, қаныққан көмірсутек—метанның молекулалық формуласы СН4 шығады. Алкандардың номенклатурасы: Алкандардың бастапқы төрт көмірсутегі тривиальді аттармен аталады: метан,этан, пропан,бутан. Ал бесінші көмірсутек— пентаннан бастап грек сандарына -ан жұрнағы жалғанып аталады. Рационалды атау бойынша көмірсутектер бір немесе бірнеше сутек атомдары радикалдарға алмасқан метанның туындылары ретінде қарастырылады. Егер формулалардабірдей радикалдар қайталанса, грекше ди-, три-, тетра-, т.б. сандармен көрсетіледі. Метан көміртегінің негізі етіп ең көп тармақталған көміртекатомы алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет