Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалтану



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ess 48

 
1.3 Заттардың агрегаттық күйі
Агрегаттық күйі бойынша электротехникалық заттар қатты, сұйық және 
газ тәріздес болады. Қатты денелердің формасы серпінді, олар бір қалыпты 
температурада формасы мен мөлшерін сақтайды.
Қатты денелер өткізгіштерді, диэлектриктерді, жартылай өткізгіштерді, 
пьезоэлектриктерді, сегнетоэлектриктерді, магниттік заттарды жасап шығару 
үшін қолданылады.
Сұйық денелер, бір жағынан белгілі көлемі бар, ал екінші жағынан 
белгілі формасы жоқ. Бірінші жағдайы оларды қатты денелермен, екіншісі – 
газдарға жақындатады. Сұйықтардың ең маңызды ерекшелігі молекулалар 
аралығы 
қатты 
әрекеттестігінде 
(
атм.
-1
судың 
қысылу 
коэффиценті). Сондықтан сұйық денелерді қысу өте қиын. Сұйықтардың 
ішіндегі қысым барлық бағыттарды біркелкі таралады (Паскаль заңы).
Ең көп таралған, бөлшектері бір – біріне әсер ететін күйі әлсіз болатын 
заттарды газдар деп атаймыз. Соның әсерінен, сыртқы қысатын күш болмаған 
кезде, газдар бос көлемді еркін толтырып, бір тығыздыққа ие болады. Бұл 3 
негізгі агрегатты заттардың күйінен басқа сұйық және қатты заттардың 
арасында өтпелі агрегаттық күйі: балауыз типті заттар, парафиндер, гудрондар 
және т.б. және сұйықтықпен газдардың арасында: сұйықтық булар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет