2 Дәріс №2. Диэлектриктердегі физикалық процестер. Диэлектриктердің электрөткізгіштігі мен поляризациясы. Дәрістің мазмұны:
диэлектриктердің өрістенуі, олардың сандық
мінездемелерімен өтімділігі.
Дәрістің мақсаты: диэлектриктің өрістенуі және оның электр
өтімділігімен байланысты оқу.
Әрбір диэлектрикте, электр кернеуінің арқасында болатын, ең негізгі
процесі – диэлектрикте өрістенуі - кедергілі зарядтардың шектелген ығысу
немесе дипольды молекулалардың өріспен бағыттасуы.
Өрістенудің әсерінен диэлектриктерде болатын құбылыстардың
диэлектрик өтімділігімен анықтауға болады, ал егерде өрістенуге қоса
диэлектрикті қыздыратын қуат серпілісі қабаттасса, онда диэлектриктің
шығынымен анықталады. Аздаған диэлектрикті тесіп ішімен не сыртымен
өтетін тоқ та техникалық диэлектриктерді қыздырады. Ол тоқ заттың
бейнесіндегі еркін электрондар мен иондардың әсерінен пайда болады.
Сонымен, техникалық диэлектриктерде электр өткізгіштік құбылыстар
болады. Бұл қасиеттерді анықтайтын меншікті беттік не көлемдік кедергілер.
Әрине әрбір диэлектрикті шек мағынасынан аспайтын кернеуге дейін
пайдалануға болады. Ол кернеудің мағынасы түрлі - түрлі заттың табиғатына
және басқа факторларға байланысты. Егерде өрістің кернеуі осы шек
аймағынынан асып түссе, онда диэлектрик мүлдем тесіледі де ол ток
өткізбейтін қасиетін жоғалтады. Тесіп ету болған кездегі кернеудің мәнін
10
тескіш кернеу (U
т
) деп атауға болады, ал соған сәйкес біртұтас сыртқы электр
өрісінің кернеулігін – диэлектриктің электр беріктігі дейміз (Е).