Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі302,5 Kb.
#54198
1   2   3   4

19-нұсқа
Қауіпсіздік жүйесінің ұйымдастыру-құқықтық негіздері, программалық және аппараттық құралдар негізінде ақпараттарды қорғау әдістері сияқты өзекті мәселелерді шешуге қабілетті қазіргі заманға сай жоғары білімді мамандарды дайындау төңірегінде ЖОО-ның ректорымен тілші сұхбаты.
20-нұсқа
Топтағы досыңызбен «Болашақ маман қандай болу керек?» деген тақырыпта пікір алмасыңыз.
21-нұсқа
Өз мамандығыңызға байланысты ашылған ғылыми жаңалықтар төңірегінде оқытушыңызбен сұхбаттасыңыз.
22-нұсқа
Сіз АЭжБУ қабылдау комиссиясының мүшесісіз. Университетке оқуға тапсыруға келген абитуриент сізден әрбір мамандықтың ерекшелігі жайлы мәліметтерді білгісі келеді. Сұрақтарына жауап беріп, оқу орнын жақсы жағынан көрсетуге тырысыңыз.
23-нұсқа
Заңғар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алады. Махамбет Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу университетінде оқиды. Олар қысқы демалыста Алматыда кездесіп, Қазақстанда жұмысқа орналасу мәселесінің қиындығы және оқуды бітіргеннен кейін қайда орналасатындары жайында пікірлеседі.
24-нұсқа
Сіз жас мамансыз. Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ретінде ұжыммен танысуыңыз керек. Әуелі басшылықпен немесе ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап алыңыз.
25-нұсқа
Симпозиумда құқық, ақпараттық жүйе, қауіпсіздік жүйесі секциялары тобы жұмыс істеуде. Әр секция «Қазақстанда ақпараттың қорғалуының жай-күйі» мәселелерін өз кәсіптері тұрғысынан талқылап, өз шешімдерін айтады.


26-нұсқа
Сіз әріптесіңізбен тендер жайында әңгімелесіп отырсыз. Әріптесіңіз тендерге қатысты естіген жаңалығын айтып, оған көңілі толмайтынын білдірді. Сіз бұл жаңалықты естіген-естімегеніңізді айтып, тендерді ұтып алу жолдарын түсіндіріп, тендер туралы өз ойыңызды білдіріңіз.
27-нұсқа
Екі әріптес конференцияда кездесіп, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері жөнінде пікірлеседі.
28-нұсқа
Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің директоры мен студенттер кәсіподақ ұйымы төрағасы АЭжБУ-да жыл сайын өткізілетін қайырымдылық шарасының дайындығы туралы пікірлеседі.

29-нұсқа
Сіз АЭжБУ ректорысыз. Қалалық энергетика бөлімінің басшысымен техника саласында үш тілді еркін меңгерген маманды дайындаудың қиындығы мен жетістіктері туралы ой қозғаңыз.
30-нұсқа
Сіз «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» кафедрасының түлегісіз. Біліміңізді жалғастыру мақсатында Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық университетінің магистратура бөлімінің басшысымен оқу туралы сұхбаттасасыз.
31-нұсқа
Сіз мекемеде директорсыз. Орынбасарыңызды шақырып, айлық жоспардың не себепті орындалмағандығы және бұл мәселені қалай шешуге болатындығы жайлы әңгімелесіңіз. Әңгіме өлшеу жүйелерінің бөлшектерін жасайтын кәсіпорынға қатысты жүруі тиіс. Диалогта өлшеу жүйелерінің бөлшектеріне, олардың атауларына, жасалу технологиясына қатысты сөздер болуы керек.
32-нұсқа
Сіз «Алматыгаз» АЕО» ЖШС-ның бас маманысыз. Алдағы күндері Алатау ауданының тұрғындарына газ жүйесін қосуға тиіссіздер. Қызметкеріңіздің біреуімен осы жұмысты қалай орындау керектігі, оның ерекшелігі және осы істі неден бастап, немен аяқтау керектігі жайында пікірлесесіз.
33-нұсқа
Екі тәлімгер ғаламтордың артықшылықтары мен кемшілік тұстары жайында пікірлеседі.
34-нұсқа
Сіз тәжірибе алмасу мақсатында шетелге бардыңыз. Шетелдік әріптесіңізбен орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері төңірегінде ой бөлісіңіз.
35-нұсқа
Сіз АЭжБУ журналы «Энтелдің» редакторысыз. Қазақстан энергетика саласында елеулі еңбек еткен есімі елге әйгілі ғалымнан интервью аласыз. Сізге оның аты-жөні ғана таныс, бірақ қалай атақты тұлға болғаны белгісіз. Әңгіме барысында ғалымның өмірбаяны, жастық шағы, студенттік кезеңі, алғашқы ашқан жаңалығы және ғылыми зерттеулері жайлы ақпарат алуға тырысасыз.

36-нұсқа
Сіз Алатау аудандық төтенше жағдайлар комитетінің инспекторысыз. Алдағы қысқы маусымға тұрғындардың дайындығы, пеш, газ қондырғыларының дұрыс орналасқандығы жөнінде тексеру барысында тұрғындырмен әңгімелесесіз.
37-нұсқа
Екі маман ұялы желілер және сымсыз рұқсат ету жүйелерінің ерекшеліктері жайында сұхбаттасады. Әңгімеге арқау болған тақырып: жер үстіндегі жылжымалы байланыс жүйелерінің бірінші және екінші буындарының өзіндік ерекшеліктері.

38-нұсқа
Зертханада. Сіз кіші ғылыми қызметкерсіз. Басқа бөлімге аға ғылыми қызметкер болып ауысқалы жатырсыз. Орныңызға магистратураны жаңадан бітіріп келген қызметкер жұмыс істемек. Оған қауіпсіздік техникасын (химиялық құралдармен, электр жабдықтарымен жұмыс істеуді) түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріңіз.
Әдебиеттер тізімі


  1. Панин В. В. Основы теории информации. – М.: Бином. Лаборатория знаний, 2009.

  2. Аяжанов Қ. С. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.-А.: «Дәуір», 2011

  3. Алдажаров Қ. С. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.-А.: «Экономика», 2011

  4. Төлеуп М. М., Советова З. С. Қазақ тілі: Техникалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2015. – 192 б.

  5. Нурмаханова М. К. Русский язык для бакалавриата всех специальностей: Учебное пособие. – Алматы: АУЭС, 2014. – 95 с.

  6. Шәрібжанова Ғ. Ғ. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындары үшін жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. Оқу құралы. – Алматы, 2012. – 87 б.

  7. Ажиев Қ.Ө., Арыстанғалиева Д. М. Кәсіби қазақ тілі. 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2016. – 35б.

  8. Заурбеков Н. С. Алгоритмдеу және программалау тілдері.-А.,2008

  9. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар /құраст. А.М.Опабекова.-А.: «Нур-Принт»,2012

  10. Малюк А. А. Информационная безопасность. Концептуальные и методологические основы защиты информации.-М.,2004

  11. Бекітілген терминдер сөздігі: қазақша-орысша, орысша-қазақша. Алматы, 2009.

  12. Құдайбергенов Р. Техникалық көптілді сөздік. қазақша-орысша-немісше-ағылшынша 4-бөлім.1-ші бөл:қазақша-орысша-немісше-ағылшынша. Астана, 2008.

  13. Аударматану: Ғылыми-практикалық көмекші құрал /Құраст.: Құлманов С.- Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. - 328 б.

  14. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері (Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік құрал). - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.- 240 б.

Мазмұны
Кіріспе ………4
№ 1 студенттің семестрлік жұмысы …5
№ 2 студенттің семестрлік жұмысы ..22
Әдебиеттер тізімі 33

2017 ж. жиынтық жоспары, реті 47

Эльмира Турсыновна Ахметова

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ


Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

Редактор Қ.С.Телғожаева

Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова

Басуға қол қойылды _ _ _ Пішімі 60х84 1/16

Таралымы 25 дана Баспаханалық қағаз №1
Көлемі 2,0 есептік-баспа табақ Тапсырыс бағасы 1000 теңге

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы



050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126


Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет