Х=Ү х 0,01 х 100;
Мұнда: Ү-титрлеуге кеткен азот қышқыл күміс мөлшері;
Қышқылдықты және тұздың мөлшерін анықтағанда тұздықтың (маринадтың) титрлеуге алынатын грамдық салмақ мөлшерін көлемдік аммиак мөлшерінде ашытуға болады. Шамамен 1 г-ға тең деп аламыз.
Ашытылған қырыққабат тұздығындағы тұз мөлшері 1,2-2,5% шамасында;
Тұздалған қиярда-3-5%; тұздалған томатта-3-8%; көкөніс маринадтарында 1-3% болуы керек.
Қайталауға арналған сұрақтар
Тұздықтағы тұздың құрамын қалай анықтайды?
Маринадтағы тұздың құрамын қалай анықтайды?
Тұздықтың қышқылдығын қалай анықтайды?
Маринадтың қышқылдығын қалай жүргізеді?
№13 зертханалық сабақ
Маринадталған көкөністердің сапасын санитариялық сараптау.
Тапсырма: Маринадталған көкөністердің сапасын зертханалық әдістермен зерттеу жүргізу.
Жұмыс жоспары:
1.Сезімдік зерттеу жүргізу
2.Өнімнің жалпы салмағына байланысты тұздықтың пайыздық құрамын анықтау.
3.Сүт қышқылы бойынша тұздықтың немесе маринадтың қышқылдылығын анықтау.
4.Тұздықтағы тұздың құрамын анықтау.
5.Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды беру.
Керекті құрал-жабдықтар: Сапасы әртүрлі маринадталған көкөністер, технохимиялық таразылар, тарелка, скальпель, пинцет, шанашқы, 250 мл колба, 100-200 мл колбалар, дәке, фенофталеиннің 1 пайыздық спиртті ерітіндісі, 0,1 н күйдіргіш калии немесе натрии ерітіндісі, 10 пайыздық хром, қышқылды натрии ерітіндісі 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісі немесе азот қышқылды күміс ерітіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: |