Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Интерференциялық  микроскопия



бет8/9
Дата25.01.2022
өлшемі263,09 Kb.
#114685
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тұрсынқұл Жанерке Ж. К.

Интерференциялық  микроскопия. Интерференциялық микроскопия-фазды-контрасты микроскопияның функциясын орындайтын, бірақ бұл жерде тек қана обектінің контурын ғана көрмей, түссіз обектінің детальдарын зерттеп, сандық анализ жүргізуге болады.


Поляризациялық  микроскопия. Поляризациялық микроскопия зерттеуші объектіні өзара перпендикулярлы жазықтықтағы, екі поляризацияланған сәуледен пайда болған жарықта яғни поляризацияланған жарықта зерттеуге мүмкіншілік береді. Поляризациялық микроскопия әдісі ұлпалар мен клеткалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған жарықтың сынатьн қабілетіне негізделген. Кейбір клеткалық кұрылымдар (бөліну ұршығының жіптерінің, миофибриллалардың, жыбырлауық эпителийдің кірпікшелерінің жөне т.б.) молекулаларының катаң дұрыс орналасуымен сипатталады және осыған қоса сәуленің сынуы да осы касиетіне төн. Мүндай құрылымдарды анизотропты кұрылымдар деп атайды.

Анизотропты кұрылымдарды поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттейді. Оның биологиялық микроскоптан айырмасы коңденсордың алдында поляризатор  орналаскан, коңденсатор мен анализатор препарат пен обьективтен кейінорнатылған. Поляризатор мен анализатор Ислаңдия апатитінен жасалған призмалар. Поляризациялық микроскопта анизатропты объекгілер караңғы өрісте жарық шығарады. Флуоресцентік (люминсцентгік) микроскопия әдісі  де тірі клеткаларды зерттеу үшін колданылады. Бұл әдіс кейбір заттардың  жарық сәулелерінің әсерімен жарық  шығаратън касиетіне негізделген. Қозған жарық толқындарының  ұзындығы жарық көзі толқындарының ұзындығынан  артық келеді. Жарық көзі ретінде  көк немесе ультракүлгін сәулелерді пайдаланады. Клеткадағы көптеген құрылымдар мен заттардың флуоресценцияланатън (жарық бөлетін) қабілеті болады, мысалы өсімдіктер клеткаларының хлоропластылардағы жасыл  пигмент хяорофилдің ашық-қызыл  жарық бөлетін касиеті бар. А  және В виааминдер де, бакгерия клеткаларының  кейбір пигменттері де жарық шығарады. Бірақ та клеткалардағы затардың көпшілігінің мұңдай касиеті болмайды. Ондай заттар жарық бөлу ұшін оларды флуорохромдармен, люминесцентік бояғыштармен өңдеу керек. Бұған жататъндар қызыл-сары акридин, берберин, сульфат, флоксин, т.б. флусрохроматгардың көпшілігі жеке клеткалық құрылымдарды жаппай бояй бермейді, белгілі туске тандап бояйды. Мысалы, қызғылт-сары акридин дезоксирибонуклеин қышқылын (ДНК) жасыл, ал рибонуклеин  қышқылын (РНК) қызғылт-сары түске бояйды. Поляризациялық микроскоптың көмегімен  зерттелетін анизатропты құрылымдардағы молекулаладың орналасуын  анықтауға  болады.

Қараңғы  өрістегі микроскопия

Қараңгы өрісте препараттарды  ерекше  ковденсатордьң  көмегімен  зерттейді.  Жарық өрісінің ковденсаторынан  караңғы өрістік конденсатордың айырмасы жарық көзінен жанама шеткі сәулелерін ғана өткізеді.Жарықтың шеткі сөулелері обьективке түскендіктен микроскоптың  көру өрісі қараңғы күйіңде калады да, ал шашыраңкы жарық түскен объекті байқалатьн болады.Қараңғ ы өрісте түрлі тірі клеткаларды байкауға болады.

 

Фазасы қарама-қарсы  микроскопия



Тірі клетканы зерттеуге  фазасы қарама-қарсы микроскопты  қолданады. Боялмаған тірі биологиялық  обьектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасьн өзгертпейді, алайда оның фазасьн өзгертеді. Адамньң көзі фазалық өзгерістерді байқай алмайды. Фазасы қарама-қарсы әдісі осы  препараттар бейнесінің айқын  көрінуін камтамасыз етеді. Микроскоптың бұп  түрінде конденсорге арнаулы  сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық пластинка орнатылады. Микроскоп  оптикасының мұндай конструкциясы  боялмаған препарат арқылы өткен, көздің қабылдай алмайтын жарық фазасының  өзгерістерін, амплигудасы әр түрлі  жарық тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың  бейнесі көзге анық көрінеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет