Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет11/34
Дата26.03.2022
өлшемі3,54 Mb.
#136891
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
гиста рк 1 (1)

Эндоплазмалық тор — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.[1] Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады
Гольджи кешені эндоплазмалык торда өндірілген өнімдердің сегрегациясына және жинакталуына, олардын химиялык кайта күралуына, пісіпжетілуіне катысады; онын цистерналарында полисахаридтердін өндірілуі, олардың акуыздармен кешенденуі жүріп, бұл пептидогликандардын кұралуына әкеледі. Гольджи кешенінің көмегімен дайын өнімдердін секреторлык жасушаның сыртына шығарылуы іске асырылады. Сонымен катар, Гольджи кешені лизосомалардын калыптасуын да камтамасыз етеді. Кешен мембраналары түйіршікті эндоплазмалык ретикулумнен үсақ вакуольдердің бөлектенуі жолымен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет