Жасуша орталығы (центросома) центриольдерден және олармен байланысты микротүтікшелерден — центросферадан тұрады. Жасушалардың бөлінуге дайындығы кезінде центриольдердің екі еселенуі жүреді. Бұл үдеріс әр түрлі нысандарда әр түрлі өтуі мүмкін: ДНКсинтезі барысында немесе одан кейін. Бұл үдерістін өтуі келесідей жүреді: диплосоманын кұрамындағы екі центриольдер екі жакка кетіп, олардын әрқайсысынын касында жаңадан косымша центриоль пайда болады, сондыктан бөліну алдында жасушада екі диплосома, яғни, қосактала біріккен, төрт центриольдер анықталады. Центриольдердің санының осылайша өсуі дупликация деп аталады. Центриольдердін санының артуы олардын бөлінуімен, бүршіктенуімен немесе фрагменттелуімен байланысты емес, ол бастаманың немесе процентриольдердің бастапқы центриольдің жанында және оған перпендикулярлы түзелуімен өтеді.