Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Жасушанын ядросы (nucleus)



бет19/34
Дата26.03.2022
өлшемі3,54 Mb.
#136891
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
гиста рк 1 (1)

Жасушанын ядросы (nucleus) тұкым куалау (гендік) мәліметтерінін сақталуын және үрпактарға жеткізілуін іске асыратын, нәруыздардын өндірілуін реттейтін күрылым. Бұл касиеттерді камтамасыз ететін басты кұрылымдар хромосомалар болып табылады, олардың ДНҚ-да жасушалардын барлык гендік мәліметтері сакталынады. Хромосомалар екі кұрылымдык-кызметтік жағдайда болуы мүмкін. Бөлінбей түрған, интерфазалык жасушаларда олар деконсациянын әр түрлі деңгейінде немесе жұмыс жағдайында болып, интерфазалык жасуша ядроларының хроматині түрінде аныкталады. Жасушанын бөлінуі кезінде хроматин катты тығызданады, конденсияланады және меншікті митоздык хромосоманы түзейді. Интерфазалык хромосомалар (хроматин) және митоз хромосомалары химиялык тұрғыдан бірдей күрылымдар болады. Жасушаның тіршілігіндегі ядролық қүрылымдардың маңызы Ядро жалпы кызметтердің екі тобын камтамасыз етеді: • гендік мәліметтерді сактау және бөліну кезінде жана жасушаларға жеткізу; • гендік мәліметті нәруыз синтезі үдерістерінде колдану.

  1. Жасушаның ядросы мен цитоплазмасында бөлінуге дайындық және меншікті митоздың кезінде қандай өзгерістер жүреді?

Жасушалардың бөлінуіне дейін ДНҚ синтезінін нәтижесінде хромосомалардың редупликациясы өтеді. Бұл про- және эукариотты жасушаларға ортак кағида болып табылады. Жасушаның бір бөлінуден екінші бөлінуге дейін тіршілік уакыты жасушалык цикл (cyclus cellularis) деп аталады. Эр түрлі тіндер мен мүшелер жасушаларынын бөліну кабілеттері жоғары омырткалылардың ересек организмдерінде әркилы болады. Бөліну кабілеттерінен толығымен айырылған жасушалар популяциялары да кездеседі. Олар көбінесе маманданған, дифференцияланған жасушалар (мысалы, канның түйіршікті лейкоциттері). Организмде үнемі жаңарып отыратын тіндер — әр түрлі эпителийлер, кан жасаушы тіндер бар. Мұндай тіндерде үнемі бөлініп, картая немесе өле бастаған жасушаларды алмастырып тұратын жасушалар тобы болады (мысалы, жабынды эпителийдің базальды кабатының жасушалары, ішек криптілерінін жасушалары, сүйек майының кан жасаушы жасушалары). Қалыпты жағдайда көбеймейтін көптеген жасушалар, мүшелердін және тіндердін репаративті калпына келу үдерістерінде бүл касиетке кайтадан ие болады. Гистогенезде жасушалардың басым көпшілігі біраз бөліну сатыларынан өткеннен кейін гетеросинтетикалык интерфазаға көшеді, оған өсу, дифференцировка, кызмет аткару, картаю және өлу мезгілдері кіреді. Жалпы бүл жасушаның өмір циклін сипаттайды. Жасуша циклін зерттегенде диплоидты (2 с), тетраплоидты (4 с) және ДНК, саны аралык болып аныкталатын интерфазалык жасушаларды да кездестіруге болады. Бұл жасушалардын көбею циклінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Бүкіл жасушалык цикл төрт уакыт мерзімінен тұрады: меншікті митоз (М), интерфазанын пресинтетикалык (G,), синтетикалык (S) және постсинтетикалык (G,) кезендері (4.27-сурет). Бөлінуден кейін бірден басталатын С^кезенде жасушаның ядросында ДНК мөлшері диплоидты (2 с). Бөлінуден сон С^кезенде жаңа түзелген жасушаларда акуыздардың және PH К жалпы мөлшері бастапкы аналык жасушадағыдан екі есе аз. О^кезенде жасушалардын өсуі негізінен жасушалык нәруыздардың жинакталуының есебінен жүреді, бұл жасушадағы РНҚ мөлшерінін артуымен және жасушаның ДНҚ синтезіне дайындалуымен шарттасады. С^кезенде нәруыздың немесе и PH К синтезін тежеу S-кезеңнің басталуын тоқтатады, өйткені С^кезенде ДНҚ ізашарларының пайда болуы үшін кажетті ферменттердің (мысалы, нуклеотидфосфатазалардың), РНҚ және нәруыздардың метаболизмдік ферменттерінің өндірілуі жүреді. Осы мезгілде энергияның алмасуына катысатын ферменттердін белсенділігі шұғыл жоғарылайды. Келесі S-кезенде ядрода ДНҚ саны екі еселенеді және оған сәйкес хромосомалардың саны да екі есеге артады. S-кезендегі әр түрлі жасушалардын ядроларында ДНҚ әр түрлі мөлшерлерін — 2 с-тен 4 с-ке дейін көре аламыз, бұл жасушалык циклдің синтетикалык кезеңінен өте бастаған жасушада ДНК, біртіндеп корлана бастағанының белгісі болып табылады. S-кезен жасушалык циклде манызды кезен болып табылады. Жасушалардын ДНК синтезінсіз митоздык бөлінуге енуі аныкталмаған. Жалғыз ерекше жағдай жыныстык жасушалардын пісіп-жетілудің екінші бөлінуі, ол жердегі екі бөлінудің арасында ДНҚ синтезі жүрмейді. S-кезеңде PH К түзелу денгейі ДНҚ мөлшерінің артуына сәйкес өсе түсіп, С2-кезенде өзінің ең жоғары көрсеткішіне жетеді. Постсинтетикалык (G2) кезен сонымен бірге премитоздыкдеп те аталады. Бүл кезенде митозға кажетті иРНҚ синтезделеді. Осы мезгілде өндіріліп жаткан нәруыздардың ішінде ерекше орын тубулиндерге —митоз ұршығының нәруыздары тиесілі. С,-кезеңнің аяғында немесе митозда митоздык хромосомалардың конденсациялануының барысында РНҚөндірілуі күрт төмендейді және митоз кезінде толык токтайды. Митоз кезінде нәруыз синтезі бастапкы денгейден 25% дейін төмендейді, содан кейін келесі кезендерде өсе бастап, РНҚ синтезінің ерекшеліктерін кайталай отырып, С,-кезенде өзінін ен жоғары деңгейіне жетеді.

  1. Жасушада сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен қандай морфофункциональдық өзгерістер жүреді?

Сыртқы және организмнің iшкі факторлары әсерінен қалыптасқан жасушаның зақымдануы метаболизмнің реттелуін бұзады. Нәтижесінде цитоплазмада әртурлі қосындылардың жинақталуы немесе жойылуы мүмкін. Жасушаның зат алмасу процестерінің бұзылуы дистрофиялар деп аталады. Мысалы, майлы дистрофиясы кезінде жасушада май қосындылары жинақталып, липопротеидтік комплекстер көп қабатты мембраналық пласттар түрінде көрінеді. Көмірсу дистрофиясы кезінде қант метаболизмнің реттелу» бұзылып, цитоплазмадағы гликоген үйінділері жинақталады. Бұл құбылыс гликогенді ыдырататын фермент - глюкоза-6-фосфатазаның тапшылығына байланысты. Ақуыз дистрофиясы кезінде жануарлардың жасушаларында әртурлі ферменттер, ақуыз гранулда ы және т.б жинақталады.Жасуша ішінде болатын бейнеленген өзгерістер ауыр қалпына (некрозға) айналмаса,яғни паранекрозбен шектелінсе калыптасқан бұзылулар репарацияга ұшырап, жасуша кызмсттері қалпына келеді. Жасуша ішіндегі құрылымларды қалпына келтіру құбылыстар жасушаішілік регенерация деп аталады. Қайтымсыз ауыр закымдануға ұшыраған жағдайда жасушалар тіршілігінен айырылады - некроз арқылы жойылады.
Жасуша ішінде болатын бейнеленген өзгерістер ауыр қалпына айналмаса,яғни паранекрозбен шектелінсе,қалыптасқан бұзылулар реперацияға ұшырап,жасуша қызметтері қалпына келеді.

  1. Эмбриология. Адамның эмбрионалдық дамуының бастапқы және ұрықтық кезеңі.

Эмбриология-бұл эмбриондардың (ұрықтардың) даму заңдылықтары туралы ғылым.

Адам эмбриологиясы-адам эмбрионының, яғни эмбриондардың дамуы мен қалыптасуы. Ол эмбрион жасушаларының бөлінуі мен даму процесінің алғашқы кезеңдерінде пайда болатын жасушалардың саралануымен сипатталады. Адамның эмбриональды даму процесі ұзақ эволюциялық процесс.


Эмбрионалдық кезең аналық жыныс жасушасының спермотозоидпен ұрықтануынан бастап туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Эмбриологиялық кезеңдер:

  1. Ұрықтану сатысы, оның нәтижесінде біржасушалық организм зигота пайда болады.

  2. Бөлшектену сатысы, бұл кезеңде көпжасушалы ұрық – бластула пайда болады.

  3. Гаструляция сатысы, бұл кезеңде 3 ұрық жапырақшалары пайда болады, ұрық гаструла деп аталады.

  4. Гистогенез сатысы, ұрықтық және ұрықтан тыс мүшелердің органогенезі

  5. Системогенез сатысы, тіндер, мүшелер дамып, организмнің жүйелері қалыптасады.

Эмбрионалдық дамудың бастапқы кезеңіне ұрықтану мен бөлшектену сатысы жатады, ал ұрықтық кезеңіне гаструляция, гистогенез және системогенез жатады.

Эмбрионалдық дамудың бастапқы кезеңі:


Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының бірігуі нәтижесінде бір жасушалы организмнің – зиготаның пайда болу үрдісі. Ол жатыр түтігінің ампулярлық бөлігінде өтеді. Ұрықтану 3 кезеңнен тұрады:

  1. гаметалардың алыстан әрекеттесуі және жакындауы;

  2. жақыннан әрекеттесуі және аналык жыныс жасушасынын белсенділігінің артуы;

  3. сперматозоидтың аналык жыныс жасушасына кіруі және олардың бірігуі — сингамия.

Бірінші фаза — алыстан әрекеттесу — хемотаксиспен — жыныс жасушаларының кездесу мүмкіндігін арттыратын, ерекше факторлардың жиынтығымен камтамасыз етіледі. Мұнда гамондар — жыныс жасушалары бөлетін химиялык заттар маңызды кызмет аткарады. Мысалы, аналык жыныс жасушалары сперматозоидтарды өзіне карай тартуға септесетін пептидтерді бөледі.
Эякуляциядан кейін спермиялар, 7 сағатка созылатын капацитация - әйелдің жыныс жолдарының секретінің әсер етуінен спермиялардың ұрыктандыру кабілетіне ие болуы жүргенге дейін, бірден аналык жыныс жасушасына кіре алмайды. Капацитация үдерісі кезінде акросома аймағындағы спермияның плазмолеммасынан ұрыктык плазманың гликопротеиндері мен протеиндері алынады, ол акросомалык реакцияға септеседі.

Ұрыктанудың екінші фазасы — жакыннан әрекеттесу. Көптеген спермиялар аналык жыныс жасушасына жакындайды және онын кабыкшасымен байланысады. Минутына 4 айналым жылдамдығымен аналык жыныс жасушасы өзінің осін айнала кимылдай бастайды. Бұл кимылдарға сперматозоидтардың кұйрығының соккылауы себепші болып, ол шамамен 12 сағатка созылады. Сперматозоидтар аналык жыныс жасушасымен байланыскан кезде Zp3 гликопротеинінің он шакты мың молекулаларын байланыстыра


алады. Бұл мезгілде акросомальдык реакцияның басталғаны байқалады. Акросомальдык реакция спермия плазмолеммасынын Са2+ иондарын өткізуінің жоғарылауымен және плазмолемманың акросоманың алдыңғы мембранасымен косылуына септесетін, оның деполяризациясымен сипатталады. Мөлдір аймак акросомальды ферменттермен тікелей байланыста болады. Ферменттер оны бұзып, спермия мөлдір аймақ арқылы өтеді және
аналык жыныс жасушасынын плазмолеммасы мен мөлдір аймактың арасында орналаскан, перивителлиндік кеңістікке кіреді. Бірнеше секундтан кейін аналык жыныс жасушасынын плазмолеммасынын касиеттері өзгереді және кортикальды реакция басталады, ал бірнеше минуттан кейін мөлдір аймактың касиеттері өзгереді (зоналык реакция).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет