Кірпікшелер және кылшыкшалар-олар арнайы козғалыс органеллалары. Сәулелік микроскопта олар жасушаның жіңішке өсінділері түрінде көрінеді. Кірпікшенің (flagellum) негізінде үсақ жаксы боялатын түйіршіктер — базалъды денешіктер — аныкталады. Кірпікшелердін ұзындығы 5—10 мкм, ал кылшыкшалардын ұзындығы 150 мкм-ге дейін жетеді (4.19-сурет). Кірпікше, диаметрі үнемі 300 нм кұрайтын, цитоплазманың жіңішке цилиндр тәрізді өсіндісі. Өсіндіні негізінен ұшына дейін плазмалык мембрана жауып тұрады. Өсіндінін ішінде аксонема («осьтік жіп») — негізінен микротүтікшелерден тұратын күрделі күрылым — орналасады. Кірпікшенің проксималды бөлігі (базальды денешік) цитоплазмаға батып түрады. Аксонема мен базальды денешіктің диаметрлері бірдей (200 нм шамасында).