Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Дін филосоиясының негізгі категориялары



Pdf көрінісі
бет63/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

14.2 Дін филосоиясының негізгі категориялары. 
Теология ( грек. 
Theos 
Құдай және 
logos
 сөз; Құдай туралы ілім: 
а)  діни  мағынада  құдайылық  ашылудың  зерделі  ақиқатын 
методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф. ван Акерен);  
б)  атеистік  мағынада  абсолютті  шындық  туралы  ілімді  рациональді-
жүйелілік  тұрғыда  түсіндіру,  қорғау,  сонымен  бірге  сенушілердің  өмірінің 
сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу. 
Теизм. 
Теизмда  Құдай  өзінің  тудырған  дүниесінен  бөлек  шексіз 
Болмыс  және  Абсолютті  Тұлға  ретінде  түсіндіріледі.  Дүние  Құдайдан 
шықпайды  және  оның  ішінде  болмайды,  бірақта  ол  ештеңеден  пайда 
болады, 
ex  nihilo
,  ешқандай  алғы  шартсыз  болады.  Құдайдың  тудырған 
табиғатына  трансцентенттігіне  байланысты  Оның  туындылары  әрқашанда 
жаңа,  яғни  ешқашан  болмағанды  тудырады.  Құдай  дүниені  Сөзімен 
(Логоспен),  Абсолютті  Тілегімен  немесе  Абсолютті  Еркімен  тудырады. 
Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән. 
Деизм
.  Теизмнен  деизмді  ажырата  білу  керек  (  лат. 
Deus 
құдай),  ол 
Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге  
(ХVII  в.)  байланысты  Құдай  дүниені  тудырып,  оның  әрі  қарай 
дамуында  және  физикалық  заңдылықтарына  араласпайды.Көрнекті  деистер 
Толанд,  Вольтер,  Лейбниц  болған.  Деизм  жаратуды  бір  актімен  шектесе, 
теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады. 
Атеизм. 
(
atheism 
құдайсыз)  Құдайға  тұлға  ретінде  сенімді  терістеу 
және  сыни  анализ,  сонымен  бірге  басқа  да  құдайларға,  жоғарғы  күштерге 
сенімді  терістеу.  Бұл  сын  философиялық,  ғылыми  немесе  тарихи-ғылыми 
сипатта  болуы  мүмкін.  Атеистік  концепция  өзінің  сынаған  діни  ілімдеріне 
мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі 
атеим  мүлдем  жоқ,  бірақ  әрбір  атеизм  нақты  бір  дінге(өзі  терістейтін) 
байланысты  болады.  Осы  тұрғыда  оны  сол  сынаған  дініне  байланысты  атау 
дұрысырақ:  христиандық  атеизм,  мұсылмандық  атеизм,  иудейлік  атеизм 
және  т.б.  Қазір  атеизмді  еркін  ойлаумен,  діни  индифферентизммен, 
антиклерикализммен дұрыс емес араластырады. 


10

 
Атеизм  Құдай  өмір  сүреді  және  Оның  болмысын  дәлелдеуге  болады 
дейтін монотеизмге қарсы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет