Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет6/12
Дата07.02.2022
өлшемі48,36 Kb.
#93463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СИК Айдарбай Акдаулет

Жәмеңке Мәмбетұлы-ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: “.... бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады. ... бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” — деп сөз сөйледі. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінде жиналған халықтың алдында Ж. Нарынқол — Шарын бөлімшесінің бастығы Подворковке қазақ халқы ресми түрде патша жарлығын орындамайтынын мәлімдеді. Ж-ге өзақ Саурықұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, т.б. ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылар қолдау көрсетті. 22 шілде күні бөлімше бастығы Подворков Ж. мен өзақ Саурықұлын, 10 күннен кейін 11 шілде күні жәрмеңкедегі жиынға қатысып, белсенділік көрсеткен бір топ адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін уезд бастығы полк. Иванов олардан патша жарлығын орындауды талап етеді, Ж. бастаған қозғалыс жетекшілері бұл шарттан бас тартады. Патша жендеттері 9 тамыз күні Ж-нің тамағына у қосып береді де, 10 тамыз күні Ж. қайтыс болады

Ұзақ Саурықұлы-1916 ж. Жетісудағы Қарқара көтерілісі ұйымдастырушыларының бірі. Ұзақ ел билігіне жас кезінен араласты. 1895 ж. қыс қатты болып, жұт қаупі төнгенде Ұзақ батыр қалың жылқысын Қытай жеріндегі тау ығына қыстатқан. “Шекара заңын мойындамады” деген кінә тағып, Қытай билеушілері Ұзақтың үстінен Жетісудағы патша әкімш-не шағым түсірді. Ұзақты тұтқындауға келген қазақ-орыс жасақтарымен болған қақтығыста бірнеше адам қазаға ұшырады. Осыдан соң жергілікті патша өкіметінің әкімш. Ұзақты тұтқындау үшін жазалаушы жасақ шығарды. Олар батыр Құлжа өңірінде жасақ жинау мақсатымен жүргенде ауылын шауып, Ұзақтың ұлы Рүстемді өлтіріп, туыстарын түгелдей тұтқындады. Еліндегі ойранға шыдай алмаған Ұзақ Қырғызстандағы патшаның жергілікті әкімш-не өзі барды. Патша өкіметі оны 7 жылға соттады. Батыр жазаның 5 жылын өтеп, қалған 2 жылына ақшалай айып төлеп, елге оралды. Отаршыл Ресейдің жергілікті әкімшінің қазақ жерін тартып алып, еселей салық салу әрекеттеріне қарсы шыққан Ұзақ кейіннен екінші рет жауапқа тартылып, “патша жарлығын мойындамады” деген желеумен тағы да екі жылға сотталды. Жергілікті билік шешімдеріне қарсы шыққаны үшін үшінші рет Верный түрмесіне қамалған. Түпкі мақсаты — қарулы күрес жүргізу мұратынан айнымаған Ұзақ 1916 жылдың шілденің бас кезінде майданның қара жұмысына кісі алу жөніндегі патша үкіметінің жарлығына қарсы үгіт жұмыстарын жүргізді. Ұзақ пен Жәмеңке Мәмбетұлы басқарған Жаркент у-ндегі Нарынқол — Шарын учаскесінің 1000-нан астам тұрғыны 1916 ж. 11 шілдеде Қарқара жайлауында бас қосып, майданның қара жұмысына адам бермеуге келісті. Егер патша үкіметі өз жарлығын күшпен жүзеге асырмақ болса, оған қарулы көтеріліспен жауап беру туралы байлам жасалды. Осыдан бастап Ұзақ төңірегіне көп адам топтасты. Толқудың қарулы көтеріліске ұласып кетуінен сескенген патша үкіметінің жергілікті органдары 1916 ж. 22 шілдеде Ұзақты бірнеше серіктерімен тұтқынға алды. Көп кешікпей ол Қарақол түрмесіне айдалды. 12 тамыздың түнінде тұтқындарға қарулы күзетшілер кенеттен оқ жаудырған сәттегі аласапыранды пайдаланып, серіктерінің көмегімен түрмеден қашып шыққан Ұзақ батыр қапыда қаза тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет