Бақылау сұрақтары:
1. Үй жануарларында ісіктер қаншалықты жиі байқалады?
2. Қатерлі ісік қандай клиникалық белгілермен сипатталады?
3. Қатерлі ісік пен қатерлі ісіктің айырмашылығы неде?
4. Ісіктердің қайталануы және метастаздануы дегеніміз не?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
№ 1 зертханалық сабақ.
Тақырыбы: Жарақаттану және қабыну процесстері және оны емдеу жолдары.
Сабақтың мақсаты. Жарақаттану және қабыну процесстерін зерттеу және емдеу әдістерін игеру.
Жабдықтау. Кафедраның хирургиялық жабдықтары, сабақ бөлмелері, кабинеттер, хирургиялық клиниканың құжаттары, қабыну процесстері бар малдар, суреттер, 100-150 мл, 95-70% спирт, ихтиолды спирт, парафин, оны ерітетін ыдыстар, бинттер, мақта, клеенка /целофан/, салфетка және резеңке құбырлары /трубкалар/.
– ТАПСЫРМА. Ауру малды тіркеу, анамнез жинау және жалпы клиникалық зерттеу жүргізу.
– ТАПСЫРМА. Асептикалық қабыну процесстерін зерттеу және оны емдеу әдістерін игеру.
Студенттер оқытушының нұсқауымен қабыну процесстерін зерттейді. Қабынудың асептикалық түрін, оның клиникалық белгілерін анықтайды. Асептикалық қабыну ағымы бойынша жіті және созылмалы, бөліну экссудатына байланысты сары-сулы, сары-сулы-фибринозды, фибринозды болып бөлінеді.
Асептикалық жіті қабынудың клиникалық белгілері: қызару
/гиперемия/, ауырсыну, домбығу, жергілікті қызуы көтерілу, қызметі бұзылу.
Емі. Алғашқы 1-ші тәулікте суық қолдану, 2-3-ші тәуліктен бастап қабынған жерді қыздыру.
Суық қолдану әдістері. Құрғақ суықты қолдану – резеңке дорбаға мұз, қар салып қолдану: резеңке құбырды қабынған жерге орап сол арқылы суық суық су жіберіп салқындату.
салқындату компрессі. Суланған орамалды қолданады, оны 3-5 мин сайын алмастырып тұрады.
аяқ ваннасы. Брезент шелекке суық су құйып малдың аяғын соған батырады.
саз балшық қолдану. балшықты сумен қою қылып араластырады, кейде оған мөлшерлеп литріне бір үлкен ас қасық сірке қышқылын /уксус/, қосып ауырған жерге жағады немесе ауру аяқты батырып қояды.
Жылу қолдану әдістері.
присницевтік қымтап орау. Дымқыл шүберекпен ауырған жерді екі-үш қабаттап оның үстінен құрғақ бинтпен орап таңып тастайды. 3-4 сағаттан кейін алмастырады.
қыздырғыш компресс, 4 қабаттан тұрады: 1-ші қабат – дымқыл қабаты, салфетканы 95-70% спиртке, суға, әтірге малып артығын сығып тастап ауырған жерге басады: 2-ші қабат – дымқылды сақтау пергаментті қағаз, майланған қағаз-клеенка, целлофан пайдаланады. 3-ші қабат – қызуды сақтау қабаты – бұған мақта, қалың мақта, киіз қолданылады. 4-ші қабат – бекіту қабаты – бинт, дәке, орамалмен таңып қояды.
құрғақ қыздыру – дорбаға қыздырған тұз, құм, күл салып қолдану.
дымқыл қыздыру – шөп ұнтағын, кебекті, ағаш үгінділерін дорбаға салып 4-8 минут ыстық суға батырады, содан кейін шамалы сығып 40-450 дейін суытып қабынған жерге басады, үстін қымтап орап тастайды. Кейде бұларға қыша /горчица/, камфора, ихтиол майын қосып қолданады.
Парафинмен емдеу. Парафинді 90-1000 дейін ерітіп, 650 дейін суытып қолданады. Малдың еті үйренгеннен кейін оны 850 дейін қыздырып пайдаланады. Парафинді емге қолданатын әдістері:
парафинді бейімдеп жағу /парафин аппликациясы/ қабынған жердің бетіне парафинді қалыңдығы 1-1,5 см болғанша бейімдеп жағады.
парафинді ванна, аяқтың төменгі жақтары қабынғанда қолданылады.
Ол үшін аяқтың сыртын клеенкамен орап төменгі жағын айналдыра тығыз етіп бекітеді, ал парафинді аяқ пен клеенканың арасындағы қуысқа құйып клеенканың жоғарғы жағын да байлайды.
парафинді-дәкелі бейімдеп жағу /аппликация/. Мұнда парафинді қабынған жерге кішкене жаққаннан кейін парафинге малған салфетканы үстіне салады, немесе парафинделген дәкемен қабынған жерді таңып тастайды. Қыздырудан басқа да емдер қолданылады – уқалау /массаж/, тітіркендіргіш дәрі-дәрмектер, физиотерапия.
Созылмалы қабынуда ауырған жердің қызуы, қызарғаны, ауырсынуы бәсеңдеп, кейін болмайды.
Емі. Суықтан басқасының жоғарыда аталып кеткен емдеу тәсілдерінің бәрі қолданылады. Бақылау сұрақтары:
Қабынудың қандай түрлері және клиникалық белгілері болады?
Суық қолдану әдістерін атап шығыңыз?
Қыздырғыш компрессті қалай қолданасыз? 4. Парафинді қолдану әдістері қандай?
№ 2 зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |