Тақырыбы: Тендиниттер және тендовагиниттер. Бурситтер. Балау және емдеу әдістері
Сабақтың мақсаты: Студенттерді сіңір аурулары және бурситтермен таныстырып, оларды анықтау және емдеу әдістерін үйрету.
Жабдықтау. Ауру малдар, тақырыпқа сай суреттер, скальпель, пинцеттер, қайшылар, 5 және 20 гр шприцтер, инелер, хирургиялық инелер, инеұстағыштар, 0,5%, 2% новокаин ерітіндісі, асептикалық ерітінділер, 5% йод тұнығы, 960 этилді спирт, антибиотиктер, гидрокортизон суспензиясы, Вишневский май дәрісі, синтомицин эмульсиясы, 10% кальций хлоры, антисептикалық ұнталар, салицилл қышқылы.
– ТАПСЫРМА. Сіңір ауруларын анықтау және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Жіті сары-сулы тендовагиниттің белгілерін малдан анықтаңдар. Олар – аяқтың бүгіліп тұруы, ақсау, сіңірдің буын үстінен өткен жерінде ісінуі, ауырсынуы, жергілікті қызуының көтерілуі, басып көргенде былқылдауы. Созылмалы тендовагиниттерде қызуы, ауырсынуы болмайды, ісінуі және малдың ақсауы сақталады.
Емі. Асептикалық сіңір ауруларында асептикалық процесстерді емдеу әдістерін қолданыңдар. Іріңді түрінде антибиотик, сіңір қынабын антисептикалық ерітінділермен шайған жөн.
– ТАПСЫРМА. Бурситті анықтау және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Орналасқан жеріне қарай тізе алды, шынтақ, өкше, шоқтық, 2 басты бұлшықет бурситтері болып бөлінеді. Зерттегенде олардың белгілерін анықтаңдар. Жіті сары-сулы бурситте – домбығу, қызуы көтеріңкі, ауырсыну, былқылдау. Сары-сулы фиброзды түрінде басып көргенде шықырлау білінеді. Созылмалы бурситте – ауырсынуы, қызуы болмайды, мал ақсамайды. Созылмалы фиброзды және сүйектелген түрлерінде ол басып көргенде қатты болады.
Іріңді бурситте жіті қабынудың белгілері өте айқын білінеді, мұнда организмде жалпы өзгерістері болуы мүмкін – дене қызуы көтеріледі, қан тамырында лейкоциттер көбейеді.
Емі. Асептикалық бурситтерде асептикалы процесстерді емдеу әдісін қолданыңдар. Іріңді бурситтерде ине арқылы іріңін сорып, қуысын антисептикалық ерітінділермен шайыңдар, антибиотик қолданыңдар. Көбінесе мұндай бурситтерді жарып қуысын іріңнен, өліеттерінен тазартып, антисептикалық ерітінділер, ұнтақтар қолданып емдейді. Бақылау сұрақтары:
Асептикалы жіті және созылмалы тендовагиниттердің белгілері қандай?
Іріңді тендовагиниттің белгілері қандай?
Іріңді бурситтердің белгілері.
Асептикалық тендовагиниттердің, бурситтердің емі қандай?
Іріңді тендовагинитпен бурситтің емі қандай?
№ 9 зертханалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |