Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Ортан жіліктің сынығындағы операция жасау тәсілі



бет54/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022

Ортан жіліктің сынығындағы операция жасау тәсілі. Наркоз беріп, жергілікті жансыздандыру. Операцияны сан аумағының сыртқы жағынан жасайды. Операцияға дайындалған теріні оның астындағы шаңдырды скальпельмен тіліп бұлшық етті бір-бірінен жігінен сүйекке ажыратыңдар. Саусақтарыңмен сүйектің сынған ұштарын тауып оның өзегіне 5-7 мл 1% спиртке ерітілген новокаин жіберіңдер, сонан соң сүйектің жоғарғы сынығының өзегінен бұрғылап тесіңдер. Бұрғының ұшы ортан жіліктің басындағы ойшықты, сол аумақтағы бұлшық етті, теріні тесіп шығады. Бұдан кейін бұрғыны алып соның ізімен дайындалған таяқшаны енгізіңдер, тығыз жағдайда балғамен соғып енгізеді. Таяқшаның ұшы сыртқы тесіктен шығып тұрады, ал оның төменгі ұшын төменгі сынықтың өзегіне, таяқшаны балғамен кері соғып енгізеді. Осыдан кейін бұлшық еттің арасына антисептикалық ұнтақтар қолданып етті шандырмен қоса кетгутпен тігіңдер, терісіне жібек жіптен тігін жасаңдар. Малдың санын таңғыш қалақпен бекітіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет