Тоқпан жіліктің сынуында остеосинтез операциясын осы аумақтың сырт жағынан жасайды. Жалпы тәсілі жоғарғы айтылғандай, бірақ жоғарғы тесікті сүйектің жоғарғы сынығының жанынан жасайды, таяқшаны содан енгізіп төменгі сынықтың өзегіне балғамен ұрып кіргізеді. Мұнда майысқан таяқшалар қолданылады.
Бақылау сұрақтары: Сынықтың клиникалық белгілерін атап бер.