Umax – қуат көзінің фазалық кернеуінің амплитудалық мәні;
Zк – қысқа тұйықталу
тізбегінің толық кедергісі;
α –
t=0 сәтіндегі кернеудің фазалық бұрышы;
φк – қысқа тұйықталу тізбегіндегі токтың қуат көзінің кернеуіне қатысты ығысу бұрышы;
Iп max – қысқа тұйықталу тогының периодтық
құраушысының амплитудалық
мәні.
Қуатты энергетикалық қорек көзінен қорек алған жағдайдағы ҚТ өтпелі
процессінің ұзақтығы ҚТ тогының апериодтық құраушысының болуымен анықталады. Бұл токтың сөнуімен тұрақты режим
I∞ пайда болады. Қысқа тұйықталу тізбегінде орнатылған барлық электр аппараттары периодтық және апериодтық құраушылардың қосындысына тең болатын сол уақытқа
тиесілі толық ҚТ тогының iкt әсерінде болады. Қысқа тұйықталу тогының графигін талдай отырып, қысқа тұйықталу басталғаннан кейін жарты периодтан соң (t=0,01 c) қысқа тұйықталу тогының лездік мәні соққы тогы
iуд деп аталатын максималды мәнге жететінін (электр жабдықтары мен құрылғыларына ең үлкен механикалық әсер ететін ток) екенін көруге болады.
Соққы тоғын анықтау кезінде шартты түрде қысқа тұйықталу тоғының периодтық құраушы бөлігі айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды және қысқа тұйықталудың
бастапқы сәтіндегіндей Iп max-қа тең деп есептеледі. Апериодтық құраушының әлсіреуі ғана ескеріледі, оның максималды мәні де
Iп max-қа тең деп қабылданады.
Қабылданған шартты рұқсат етулерге сүйене отырып, соққы тогы келесі түрде анықталады:
Қысқа тұйықталу тоғының периодтық құраушысының амплитудасы (максималды мәні) Iп max мен әсерлік Iп 0 мәндері арасындағы қатынасты ескере отырып:
𝐼п 𝑚𝑎𝑥
= √2𝐼п 0
ҚТ соққы тоғы шамасын анықтайтын қорытынды формуласы:
𝑖уд = √2𝐼п 0𝑘уд
Кернеуі тұрақты энергожүйеден қоректену кезіндегі электр жүйесінің өтпелі процессі қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысы сөнуінен соң аяқталады, содан кейін қысқа тұйықталудың толық тогы амплитудасы өзгермейтін периодтық құраушысына тең болады.
Белгілі бір t уақыты үшін ҚТ әсерлік мәні келесі формулалар арқылы анықталады:
периодтық құраушысы